S&P Global Ratings агенттігі ForteBank рейтингін көтерді

S&P Global Ratings халықаралық агенттігі ForteBank-тің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «Тұрақты» болжамымен «В+» дәрежесінен «ВВ-»-ке дейін көтерді. Агенттік банктің рейтингін қазақстандық ұлттық межелік бойынша «kzBBВ+»-тен «kzA -»-ке дейін көтерді. 

S&P Global Ratings ForteBank-тің капиталдандыру көрсеткіштері нығайғанын хабарлап, банк капиталдың неғұрлым елеулі қорларын қолдайды және активтер бойынша қазақстандық бес ірі банктердің қатарына кіруді жалғастырады деп күтеді: «Біз бөлшек және корпоративтік клиенттер бойынша әртараптандыру және тұрақты жаңа бизнесті генерациялау тұрғысынан кредиттер мен депозиттер портфельдерінің теңгерімділігі банктің нарықтық позицияларын қолдайды деп ойлаймыз. 2021 жылы банк шоғырландырылған есептілікте 64 миллиард теңге мөлшеріндегі таза пайданы көрсетті, бұл шамамен 23,7 пайыз деңгейінде орташа меншікті капиталдың табыстылығына сәйкес келеді. 2022 жылдың алғашқы бес айында ұлттық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша жасалған есептілікке сәйкес банктің таза пайдасы шамамен 30 миллиард теңгені құрады. Біз ол 2022 жылы тұрақты пайда табуды жалғастырады, ал табыстылық шамамен 20 пайызды құрайды деп күтеміз».

Толығырақ - TengriNews.kz материалында

Поделиться
Класснуть