ForteBank көрсеткіштерінің өсімі нарық серпінінен озуда

Әлия Дыканбаева, CFO, ForteBank Басқарма төрағасының бірінші орынбасары: 

- ForteBank барлық клиенттік сегменттерде өзінің нарықтық позициясын нығайтты, капиталдың табыстылығын арттырды және кредиттік қоржынның сапасын жақсартты. Осы жылдың шілде айында S&P рейтингтік агенттігі ForteBank-тің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін B+ деңгейінен BB- деңгейіне дейін көтерді. 

ҚЕХС бойынша шоғырландырылған есептілікке сәйкес ForteBank активтері 8%-ға өсті. Банктің кредиттік қоржынының мөлшері 1 трлн теңгеден асты, өсім сектор бойынша орташа 5,5%-ға қарағанда 25%-ды құрады. Бұл ретте заңды тұлғалар сегментінде кредит беру ең көп өсті - 31,9%. ForteBank бөлшек кредит қоржыны 17,8%-ға өсті. 

Банктің шоғырландырылған таза пайдасы жарты жылда 44,5 млрд теңгеден асты (2021 жылдың 1-жартыжылдығындағы пайда 31,6 млрд теңгені құрады). 

Толығырақ - Forbes Kazakhstan материалында

Поделиться
Класснуть