Нархоз Университеті, АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығы ынтымақтастық туралы өзара келісімге қол қойды

Нархоз Университеті бір жағынан, «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының Соты (бұдан әрі – АХҚО Соты) және Халықаралық төрелік орталығы (бұдан әрі – ХТО) екінші жағынан ынтымақтастық туралы өзара келісімге қол қойды. Құжат өткен жылы қол қойылған өзара түсіністік туралы Меморандумды толықтырады және ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтеді.

Келісім студенттер үшін АХҚО резидент-компанияларында одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен АХҚО Сотында және ХТО-да тағылымдамадан өту мүмкіндігін береді. АХҚО Соты және ХТО қызметкерлері Нархоз Университетінде Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің пәндері бойынша сабақ беретін болады. АХҚО Соты және ХТО Нархозға шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын ашуға жәрдемдеседі. Нархоздың жаңа кампусы АХҚО Соты және ХТО коммерциялық соттардың халықаралық стандарттары бойынша жабдықталған арнайы құрылған Сот отырысы залында тыңдаулар өткізуге мүмкіндік береді.

Толығырақ - Informburo.kz материалында

Поделиться
Класснуть