01 Янв 1970 RG Gold - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

Минералдық ресурстар

RG Gold

RG Gold

RG Gold – Ақмола облысының Бурабай ауданында жұмыс істейтін және Северный, Южный Райгородок және Новоднепровское кен орындарында жер қойнауын пайдалану құқығына ие Қазақстандық алтын өндіруші компания.

2006 жылы негізі қаланған «Верный Капитал» компаниялар тобы «RG Gold» ЖШС жалғыз құрылтайшысы және Қазақстандағы жекеше компанияларға тікелей инвестицияларға маманданатын ең ірі топтардың бірі болып табылады. Жекеше компанияларда бақылау пакетін немесе айтарлықтай үлестерді иелене отырып, «Верный Капитал» оларды стратегиялық және оперативтік басқаруға белсенді қатысады.

Бүгінгі таңға RG Gold Қазақстанда алтынның бекітілген қорлары 37 тонна, соның ішінде тотықтырылған рудада – 15 тонна 67,7 км2 жалпы келісімшарттық аумақта Северный және Южный Райгородок кен орындарын қазбалау үшін 500 адамнан астамды жұмысқа орналастырды.

2015 жылы компания алтынның алғашқы тоннасын өндірді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда, 75% артық. 2018 жылдан бастап, компания алтын шығаруды 1 тоннадан 1,5 тоннаға дейін ұлғайту үшін, өндірісті кеңейтетін болады. 2021 жылға қарай компания кеңейту бағдарламасының шеңберінде бастапқы руданы қайта өңдеу үшін жылдық қуаттылығы 4 миллион тонна алтын шығару фабрикасын тұрғызуды және іске қосуды жоспарлап отыр.