01 Янв 1970 31 арна - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

Телекоммуникациялар

31 арна

31 арна

Отыз бірінші арна — ұлттық қамтуы бар бүкіл отбасына арналған қазақстандық ойын-сауық телеарнасы — қайырымды, күлкілі, қауіпсіз — көп жағынан ел азаматтарының позитивті дүниетанымын қалыптастырады және баяғыдан бері бүгінгі қазақстандықтардың күнделікті өмірінің маңызды бір бөлігіне айналды. 2018 жылы 25 жыл толатын отыз бірінші ұлттық телерейтингтің бірінші үштігіндегі позицияны, kaz 6-54 аудиториясы мен Алматы стратында көшбасшылық позицияларды орнықты ұстап, жұмыс күндері праймында үйреншікті көш бастайды. Арнаның слоганы — «Бүкіл отбасымен көреміз!».

Отыз бірінші арнаның торының негізінде — сапасы жоғары мелодрамалық сериалдар мен ситкомдар, премиялық кино көрсетім және өз өндірісінің бағдарламалары. Отыз бірінші — форматтық, сондай-ақ өз әзірленімінің ойын-сауық шоулары саласында жалпы танылған трендсеттер: бүгінгі таңда арнаның СП кітапханасында үш жүзден астам түпнұсқалық тайтл бар. Бұл талант-шоу да, бұл реалити де, музыкалық жобалар және консьюмерлік бағдарламалар, телеойындар және ақпараттық-публицистикалық өнімдер және, әрине, көрерменнің көңілінен шыққан ситкомдар. Соңғы бес жылда арна жетекші қазақстандық және әлемдік жұлдыздармен фильм-концерттер жанрын табысты дамытуда; жаздың бас премьерасы Димаш Кудайбергеннің #BASTAU шоуының эксклюзивті көрсетімі болды. Жалпы, отыз біріншіні көрермен үлкен премьералар арнасы деп орынды түйсінеді: биылғы телемаусымда, көрерменнің сұранысына ие бағдарламалық желілердің жалғасымен қатар, 6 елде 200 миллион адам көрермендер аудиториясын жинаған I'm A Singer Kazakhstan ауқымды форматтық шоуы іске қосылды.

Арнаның ойын-сауықтық сипатына қарамастан, ақпараттық жанрда отыз бірінші позицияларынан шегінбейді: «Информбюро» күнделікті ақпараттық бағдарламасы бәсекелестердің арасында көш бастап, міне, жиырма жыл бойы елдің басты жаңалықтары болып қала беруде. Технологиялық және индустриялық трендтерді қағып ала отырып, арна жаңаларын жасайды: 2017 жылы төл диджитал-витринамен жұмыс аяқталды, және енді Қазақстанда тұңғыш рет арнаның кейінге қалдырылған көру режиміндегі трансляциясы және өнімдері көрерменге барлық цифрлық орталарда: вебье, SmartTV Samsung және LG платформаларында, сондай-ақ Android және iOS арналған мобильді қолданбаларда ашық.