01 Янв 1970 Сары-Арка аэропорты - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

Көлік және логистика

Сары-Арка аэропорты

Сары-Арка аэропорты

Қарағанды қаласының халықаралық аэропорты Қазақстанның ең ірі әуе айлақтарының бірі және Еуропа мен Азияны қосатын әуе дәлізінің ажырамас буыны болып табылады. Аэропорт 1980 жылы салынды және 1992 жылдан бастап халықаралық статусқа ие. Бүгінгі таңда «Сарыарқа» аэропорты халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары техникалық және іске пайдалану сипаттамаларына ие және даму үшін қуатты әлеуеті бар заманауи аэропорттық кешен.
2008 жылы инвестициялық бағдарламамен көзделген аэропортты күрделі қайта құру аяқталды. Атап айтқанда, ұщу-қону жолағын жөндеу және ұзарту, жолаушылар терминалын кешенді қайта құру және екі жаңа телескоптық траппен техникалық қайта жарақтау жүргізілді; заманауи карго-терминал тұрғызылды және аэропорттық арнайы техника сатып алынды.

Аэропорттың жобалық қуаттылығы жылына 2,5 миллион жолаушыны құрайды, ал аэропорттың ұщу-қону жолағы әуе кемелерінің барлық типтерін қабылдауға қабілетті. Аэропорт тәулік бойғы режимде жұмыс істейді, кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндік бақылауды қамтамасыз етеді. Авиа жолаушылардың қызметтеріне ыңғайлы күту залы, CIP-зал, барлар және мейрамхана, ана мен бала бөлмесі, медпункт, сақтау камерасы бар. Борттық тамақтандыру цехы жұмыс істейді. АВК ұшып келу және ұшып шығу залдарында, кедендік қойма үй-жайында жолаушыларды және жолжүкті сапалы тексеруді қамтамасыз ететін заманауи тексеру жабдығы орнатылған (Ұлыбритания мен Германия өндірісі). Аэропорт тіркелген ISAGO провайдері болып табылады және жерде қызмет көрсету бойынша жұмыстардың қауіпсіздігі бойынша IATA стандарттарының орындалуын қамтамасыз етеді.

2007 жылдан бастап аэропорт Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы транзиттік жүк тасымалдауды орындайтын компаниялардың әуе кемелеріне қызмет көрсетуді жүзеге асырады. 2016 жылдан бері жүк таситын коммерциялық рейстерге қызмет көрсету бойынша бағдарлама іске асырылған. Бүгінгі таңда AirBridgeCargo авиакомпаниясы аэропортқа аптасына екі дүркін жиілікпен тұрақты жүк тасу рейстерін орындайды.