01 Янв 1970 Forte Bank - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

Қаржы

Forte Bank

Forte Bank

«ForteBank» акционерлік қоғамы жетекші қазақстандық банктердің бірі болып табылады және банк қызметтері нарығында 20 жылдан астам табысты жұмыс істеп келеді.

«ForteBank» АҚ 19 филиал мен 100 шақты бөлімшеден тұратын таралған филиалдар желісіне, сондай-ақ эквайрингілік құрылғылардың ауқымды желісіне ие, оған мыналар кіреді:

  • Сауда-сервистік кәсіпорындардағы 9000-ден астам pos-терминал
  • Қолма-қол ақша беру пункттеріндегі 200 шақты pos-терминал
  • Шамамен 800 банкомат
  • 200 cash-in банкомат

ForteBank аудит жүргізілген топтастырылған қаржылық есептіліктің негізінде өзінің 2017 жылғы қызметінің нәтижелері туралы мәлімдеді. 2017 жылдың қорытындылары бойынша, ForteBank барлық негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштер бойынша сапалы өскенін көрсетті.

Активтер
Активтер нарық бойынша активтердің 5%-ға өсуінің аясында 19%-ға өсті және 1 445 млрд теңге құрады.

Кредиттер
Кредиттік қоржын нарықтың 14%-ға жалпы төмендеуінің аясында 8%-ға ұлғайды және 672 млрд теңге құрады.

Кредиттік қоржынның сапасы жақсарды, ҚР Ұлттық Банкінің әдістемесі бойынша 01.01.2018 жылға қарай жағдай бойынша әрекетсіз кредиттердің үлесі бір жыл бұрынғы 7,48%-бен салыстырғанда 7,24% құрады.

Депозиттер
Депозиттік қоржын нарықтың 3%-ға төмендеуінің аясында 22%-ға өсті және 981 млрд теңге құрады.

Өтімділік деңгейі нарықтағы ең жоғарылардың бірі болып қала беруде, К4 ағымдағы өтімділік коэффициенті (ағымдағы айналымдық активтердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы) кем дегенде 30% норматив жағдайында 230% құрайды.

Капитал және пайда
Таза пайда 2016 жылғы бірдей көрсеткішпен салыстырғанда 70%-ға ұлғайып, 19,7 млрд теңге құрады.

Банктің меншік капиталы 9,1%-ға өсті және 194 млрд теңге құрады. К1 капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (банктің меншік капиталының тәуекел дәрежесі бойынша безбенделген активтерге қатынасы) кем дегенде 5,5% норматив жағдайында шамамен 19% құрады.

2017 жылдағы негізгі оқиғалар:

  • Moody’s агенттігі «ForteBank» АҚ рейтингтері бойынша болжамды «тұрақтыдан» «позитивтіге» дейін жақсартты;
  • S&P Global Ratings агенттігі «ForteBank» АҚ ұлттық шәкіл бойынша рейтингтерін «kzBB-ден» «kzBB+-ке» дейін көтерді. «ForteBank» АҚ рейтингтері бойынша болжамды «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» дейін қайта қарады және банктің эмитентінің «В/В» деңгейіндегі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін растады;
  • ресейлік Markswebb талдампаздық агенттігі ForteBank мобильді қолданбасын Қазақстандағы №1 және ТМД бойынша 10 үздіктің қатарында деп мойындады;
  • «Kazakhstan Growth Forum K17» халықаралық конференциясында ForteBank бизнес жүргізудегі инновациялық тәсілдемесі үшін «Банктік трансформация» номинациясында «2017 жылдың трансформаторы» сыйлығының иесі болды;
  • ForteBank The Banker нұсқасы бойынша «Қазақстандағы жыл банкі» деп танылды;
  • ForteBank «Global Finance» нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік банкі деп танылды.