01 Янв 1970 «Верный Капитал» Астанада The Ritz-Carlton отелі болатын алғашқы «жасыл» көп функционалды премиум-класс кешенін салуға $ 300 млн. қаржыландырады - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

«Верный Капитал» Астанада The Ritz-Carlton отелі болатын алғашқы «жасыл» көп функционалды премиум-класс кешенін салуға $ 300 млн. қаржыландырады

18 июн 2013 год

«Верный Капитал» компаниялар тобы A+ класының көп функционалды кешенінің құрылысы – өзінің жаңа инвестициялық жобасын жүзеге асыруды бастайтыны туралы хабарлады. «TalanTowers» Қазақстандағы алғашқы «жасыл» кеңсе ғимараты, яғни, LEED стандарттарына сай келетін энергия үнемдеуші технологияларды қолданып қоршаған ортаны қорғау қағидаттарына сәйкес салынатын ғимарат болады. Жобаның құны – 300 млн. доллар.

«TalanTowers» кешені биіктіктері әр түрлі екі мұнарадан тұрады. 26 қабатты мұнарада әлемге белгілі The Ritz-Carlton желілері отелі және тұрғын-үй апартаменттері орналасатын болады. Екінші, 30 қабатты мұнарада ірі қазақстандық және шетелдік компаниялардың А+ класының бизнес-орталықтары орналасатын болады. Екі мұнара да әлемдік люкс-брендтер, салтанат залдары, СПА, фитнес-орталықтары орналасатын үш қабатты подиумды жалғайды.

Ғимарат жобасын сәулет, қала құрылысы, инженерия және интерьерлік дизайн саласындағы үздік әлемдік фирмалардың бірі - SOM (Skidmore, Owings & Merrill LLP) компаниясының сәулетшілері әзірледі. Қазіргі уақытта фирма әлемнің шамамен 50 елінде 10 000 жобаны іске асырды және «Жылдың сәулет фирмасы» атана отырып, 800 марапатқа ие болды. Фирманың барынша белгілі жобаларының арасында – Чикагодағы «Сирс Тауэр» және «Трамп Тауэр», Шанхайдағы «Цзинь Мао», Дубайдағы «Бурдж Халифа», сондай-ақ қираған Дүниежүзілік Сауда орталығының орнына салынып жатқан Нью-Йорктегі «Бостандық мұнарасы».

Сәулетшілердің пайымдауынша, «TalanTowers» Астана қаласының символы «Бәйтерекпен» қиыстырылып байланыстырылады және Қазақстан астанасының жаңа көз тартар сәулеті болуға арналған. Құрылыс кезінде пайдаланылатын материалдар – тас, шыны және металл алаңның аяқталғанын білдіреді.

«Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан ОСПАНОВ былай дейді: «Верный Капитал» барлық инвестициялық жобаларда бір ғана индустрияны дамытуға арналған жаңа өңіржиек беруге және нарыққа арналған үлгілер жасауға тырысады. Біз ең үздік практиканы қолданамыз және әлемнің барлық түкпірінен жоғары кәсіби серіктестерді тартамыз. «TalanTowers» жобасындағы біздің мақсатымыз –Қазақстан үшін бірегей жоғары кластағы бизнес-орталық және бес жұлдызды The Ritz-Carlton отелі орналасатын эко-ғимарат салу. Бұл біздің компаниялар тобының Қазақстанның жаңа астанасын дамытуға қосатын үлесі. Біз Астана қаласының Әкімдігіне дәл осы жоба арқылы «Бәйтеректің» жанында салынған сол жақ жағалау орталығын құру мүмкіндігі үшін ризамыз. 

Астана қаласының әкімі Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ былай атап өтті: «Астана –қарқынды дамып келе жатқан қала, әлемнің әдемі қалаларының бірі. Мұнда көптеген атақты сәулетшілердің жұмыстары қойылған, көптеген сәулет мәнерлері жүзеге асырылған және сол себепті де ол заң бойынша әлем қалаларының сәулет жоспарындағы қызықтыларының бірі болып саналады. Сондықтан сол жақ жағалауда Мемлекет басшысының тапсырмасымен өте атақты қызықты нысандар іске асырылады. Оларға Бәйтерек аумағында алаңын қалыптастыру іс жүзінде аяқталатын және астанамыздың көркі болатын аталған кешен де кіреді».

The Ritz-Carlton, Bvlgaryand Edition компанияларының Еуропа бойынша вице-президенті Сандип ВАЛИА былай деді: «Қазақстанның қуатты астанасы - Астанада The Ritz-Carlton отелін ашу перспективасы – бұл біз үшін жан толқытарлық оқиға. Біз осы елде өзіміздің қоржынымызға осындай інжу-маржанды қосу мүмкіндігіне қуаныштымыз. «Верный Капитал» компаниялар тобымен біздің жемісті әрі тығыз ынтымақтастығымыз қалыптасты және соның куәсі Мәскеудегі және Венадағы біздің The Ritz-Carlton отельдеріміз. «Верный Капиталдың» Астанадағы осы жаңа жоба үшін дәл The Ritz-Carlton таңдап алғанын мақтан етеміз». 

Кешен құрылысын 2016 жылы аяқтау жоспарланып отыр.