01 Янв 1970 BI Group және «Верный Капитал» Шортанды-Бурабай курорттық аймағында коттедждер құрылысының жаңа жобасының презентациясын жасады - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

BI Group және «Верный Капитал» Шортанды-Бурабай курорттық аймағында коттедждер құрылысының жаңа жобасының презентациясын жасады

12 июн 2014 год

Borovoe Country Club – Шортанды көлінің жағалауындағы коттедждер сілемі, оның жобасы кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа табысты презентацияланды. Құрылысты жүзеге асыруға екі ең ірі отандық компания – BI Group және «Верный Капитал» кірісті.

Borovoe Country Club Ақмола облысының көркем жерінде, Ұлттық парктің қайың және қарағай тоғайлары қоршаған Шортанды көлінің жағасында тұрғызылады. 60 гектар аумақта коттедждер құрылысының екі ауданын тұрғызу жоспарлануда. 400-ден астам үй Rixos Borovoe отелінің солтүстігі мен оңтүстігінде орналасатын болады. Концепциямен коттедж қалашығының меймандары мен тұрғындары үшін оған этно-ауыл, сауда орталығы, аквапарк, қонақтарға арналған паркинг кіретін ортақ рекреация аймағын жобалау көзделген.

Borovoe Country Club жобасының негізгі міндеті – кентті қоршаған ортаға және курорттық аймақтың туристік инфрақұрылымына үйлесімді қондыру. Кенттің тұрғын құрылыстары көлге және орманға қарайтын болады – үй иелері мен меймандар Шортанды-Бурабай курорттық аймағының бірегей табиғатына барынша жақын демала алады. Жоба аумағында бар ағаштардың барлығы құрылыс уақытында ұқыпты түрде қайта отырғызылатын және олар бойынша жобалық шешімдер қазірде бар жасыл желектің орналасуына орай әзірленетін үй жанындағы учаскелерде қалатын болады. Borovoe Country Club үйлері – негізінен ағашпен көмкерілген бір қабатты коттедждер. Бағасы көпшіліктің қалтасы көтеретіндей – бір шаршы метр үшін $1300 басталатын болмақ.

Коттедж кентінің аумағында Commercial Center және Community Center құрылысы жоспарланған. Commercial Center-де боулинг-центр, кафе және мейрамханалар кешені, нөмірлерді сақтап қою, салт атпен серуендеу, су аттракциондары, экскурсиялар қызметтерін, сондай-ақ басқа қызметтер ұсыну бойынша сервис орналасатын болады. Өз кезегінде, Community Center – концерттер және шоу өткізілетін, сондай-ақ аттракциондар паркінің немесе аквапарктің орны.

Borovoe Country Club жобасының артықшылықтары Қазақстанның көркем түкпірлерінің бірінде тартымды орналасуы, жоғары сапалы және экологиялық таза құрылыс материалдары – sip-панельдер, ойластырылған консьерж қызмет (коттедждер сілеміне Rixos отелінің қызмет көрсетуі туралы мәселе қарастырылуда) және ауданның жетілген инфрақұрылымы болып табылады.

Rixos Borovoe отеліне және гольф-клубқа жақын орналасуы – бұл жобаның тағы бір артықшылығы. Келешекте Borovoe Country Club болашақ тұрғындарының оларға қатынауға арнайы жағдайлары бар болады деп көзделеді.

Borovoe Country Club құрылысының басталуы 2014 жылдың жазына жоспарланған.