01 Янв 1970 TALAN TOWERS АСТАНАДА ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЙЫНША САЛЫНҒАН «А» КЛАСТЫ АЛҒАШ БИЗНЕС-ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛМАҚ - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

TALAN TOWERS АСТАНАДА ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЙЫНША САЛЫНҒАН «А» КЛАСТЫ АЛҒАШ БИЗНЕС-ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛМАҚ

18 мар 2014 год

Бүгін «Верный Капитал» компаниялар тобы иесі және инвесторы болып табылатын Talan Towers бизнес-орталығының тұсаукесері болып өтті. Құрылысына 300 млн. доллардан астам құйылатын Talan Towers Қазақстандағы LEED жасыл құрылыс стандарттарына сәйкес салынған алғаш премиум-класты көп функционалды кешен болмақ.

Talan Towers кешенінің құрылысы 2013 жылғы маусымда басталды. Кешен әр түрлі биіктіктегі екі мұнарадан тұрады, олардың біреуінде «А» класты бизнес-орталық орналасады. Talan Towers барлық параметрлері бойынша, соның ішінде орналасуы (бизнес-орталық Бәйтерекке қарап Сол жағалаудың қақ төрінде орналасқан), конструктивті шешімдері, инженерлік жүйелері, автотұрақ орындарының болуы және басқа факторлар бойынша «А» класс талаптарына сәйкес келеді.

Ерлан Оспанов, «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры мәлімдегендей: «Верный Капитал» компаниясы үшін Talan Towers аса маңызды жоба болып табылады. Біз алдымызға ешбір жеңілдіксіз, коммерциялық жылжымайтын мүлікке қойылатын заманауи талаптарға толық сай келетін ғимарат салу міндетін қойдық. Бұл нағыз «А» класты – Астанадағы жасыл құрылыс саласындағы озық талаптарға жауап беретін алғаш бизнес-орталық болмақ. Біз қолайлылық пен сапа деңгейі бойынша Нью-Йорк, Лондон немесе Сингапур қалаларында орналасқан кеңсе ғимараттарынан қалыспайтын бизнес-орталық құрғымыз келеді».

Ғимарат жобасын SOM (Skidmore, Owings & Merrill LLP) – сәулет, қала құрылысы, инженерия және интерьер дизайны саласындағы жетекші әлемдік фирмалардың бірінің сәулетшілері әзірлеген. Жоба девелопері «Верный Капитал» компаниялар тобының құрамына кіретін Astana Property Management компаниясы болып табылады.

Айдар Өткелов, Astana Property Management директоры айтқандай: «Talan Towers – бұл астанадағы көптеген жобалардың қатарындағы кезекті жоба емес. Бұл шын мәнінде инновациялық, халықаралық деңгейдегі көп функционалды кешен, оның құрылысының өзі Астана қаласындағы жылжымайтын мүлік нарығының түбегейлі жаңа сапалы деңгейге шыққандығын көрсетеді. Кешенде астанадағы алғашқы бес жұлдызды қонақ үй The Ritz Carlton, алғашқы люкс сауда галереясы, алғаш нағыз А-класты бизнес-орталық ұсынылмақ. Бұдан басқа, жоба Астана қаласындағы LEED стандарттары бойынша сертификатталған алғаш жасыл ғимарат болады деп үміттенеміз. Бұл оның барлық артықшылықтары емес, дегенмен қазірдің өзінде біз Talan Towers – премиумды жылжымайтын мүлік нарығында жаңа тренд беретін озық, маңызды жоба екендігін сеніммен мәлімдей аламыз».

Talan Towers «жасыл» кеңсе ғимараты, яғни LEED талаптарына жауап беретін, энергия үнемдеу технологияларын пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау принциптеріне сәйкес салынған ғимарат болмақ.

Ксения Агапова, JLL экологиялық инновациялар жөніндегі директордың орынбасары: «Осы жобаның жасыл технологияларды енгізу және LEED стандарттары бойынша сертификацияға дайындық бойынша серіктесі ретінде біздің компаниямыз үшін маңызды аспект қазақстандық нарықтың осындай жаңашылдыққа дайын екендігі болып табылады. Әлемдік масштабта жылжымайтын мүліктегі жасыл тақырып – басты трендтердің бірі болғандықтан, Talan Towers секілді «алғашқы қарлығаштардың» пайда болуы Қазақстанда, сондай-ақ барлық ТМД аумағында құрылыстағы экологиялық аспектілердің маңыздылығы толассыз өсуде екендігін кезекті рет көрсетеді. Себебі осындай объектілерді салу – құрылыс процесінде қоршаған ортаға теріс әсерді қысқарту ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілікті, экологиялық қауіпсіз, барлық тұрғыдан «сау» бизнесті қалыптастыру айтарлықтай жеңіл болатын кеңістік құру».

Бизнес-орталық құрылысын 2015 жылы, ал Talan Towers барлық кешенін – 2016 жылы аяқтау жоспарлануда.

БАҚ үшін байланыс мәліметтері:
«Верный Капитал» компаниялар тобы:
Михаил Дорофеев, баспасөз хатшысы,
тел. +7 7172 73 50 50, ішкі 1141,ұялы +7 771 760 00 25
e-mail: mikhail.dorofeyev@vernycapital.com