01 Янв 1970 The Ritz-Carlton Hotel Company ТМД елдеріне экспансия жоспарлары туралы жариялады және Қазақстанның елордасы Астанадағы қонақүймен таныстырады - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

The Ritz-Carlton Hotel Company ТМД елдеріне экспансия жоспарлары туралы жариялады және Қазақстанның елордасы Астанадағы қонақүймен таныстырады

19 июн 2014 год

Эрве Амлер (Herve Humler) – The Ritz-Carlton компаниясының президенті және бас операциялық директоры, былай деді: «Біз өз серіктестеріміз, Верный Капитал компаниялар тобымен қайта жұмыс істейтінімізге және Қазақстанның елордасында кеңінен танылған қонақүй бизнесінің деңгейлерін енгізетімізге қуаныштымыз. Осы серпінді қаланың шетелдік туристерге арналған люкс класының беделді отелінің құрылысының аяқталуын тағатсыздана күтеміз».

The Ritz-Carlton, Astana отелі Қазақстанның елордасында тамаша бөлмелері және функционалдық мүмкіндіктері бар, қалаға өзінің бірегей үлгілік қызмет көрсету мәдениетін әкелетін алғашқы халықаралық отель болмақ.

Talan Towers көп функционалды кешенінде орналасқан отель Нью-Йорктің «SOM» компаниясының сәулетшілері жобалаған 27 қабат ғимараттың 20 қабатын алмақ. 157 бөлмесі бар отель Club Lounge демалыс аймағына эксклюзивті қатынау мүмкіндігі бар The Ritz-Carlton Club бөлмелерін ұсына алады. Отельдің мейрамхана-бар бөлігіне қалаға панорамалық көрініс ашылатын Sky Bar, сондай-ақ мейрамхана, сигара бары және банкеттерге арналған залдар кіретін болады. Іс-шараларға және іскерлік кездесулерге арналған үй-жайларға ауданы 990 шаршы метр, хаттамалық іс-шаралар мен конференциялар өткізу үшін жоспарланған балдар залы (Ballroom), шағын демалыс бөлмелері мен отырыс залдары кіреді. Отельде сондай-ақ SPA, фитнес центр және жабық жүзу бассейні орналасады.

«Бұл келісімге қол қою біз үшін маңызды қадам болып табылады. Біздің The Ritz-Carlton компаниясымен серіктестігіміз көптен бері жалғасып келеді, ал The Ritz-Carlton, Astana біздің жылжымайтын мүлік қоржынымыздың жұлдыздары The Ritz-Carlton, Vienna и The Ritz-Carlton, Moscow отельдеріне қосылатын біздің үшінші объектіміз болмақ. Біздің компаниялар тобымыз шамамен 4 миллиард АҚШ долларын құрайтын капиталды басқарады. Talan Towers көп функционалды кешені де сондай-ақ біздің жылжымайтын мүлік коллекциямыздың жаңа қазынасына айналмақ», – деді Верный Капитал компаниялар тобының директоры Ерлан Оспанов.

Сол жақ жағалаудың орталығында стратегиялық орын тепкен Talan Towers жобасына сондай-ақ сауда алаңдары, офистер және люкс класының апартаменттері кіреді.

Қазақстанның тура кіндігінде орналасқан, 1997 жылы республиканың елордасына айналған Астана қоғамдық ғимараттарды, оқу орындарын, спорттық және туристік жобаларды, сондай-ақ ультразаманауи тасымалдау жүйесін қамтитын талабы жоғары бас жоспардың шеңберінде іске асырылатын көптеген дизайнерлік қала жобалары бар даму үстіндегі қала болып табылады. 2017 жылы Астана Expo 2017 халықаралық көрмесін қабылдамақ және құрылыс тура көрме өтетін орында басталды, бұл ауқымды іс-шара 100-ден астам елден қатысушыларды тартады.