01 Янв 1970 «ВЕРНЫЙ КАПИТАЛ» «ТОПЖАРҒАН» ЖОБАСЫНЫҢ «ЖАҢА БРЕНД ЖАСАҒАНЫ ҮШІН» НОМИНАЦИЯСЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

«ВЕРНЫЙ КАПИТАЛ» «ТОПЖАРҒАН» ЖОБАСЫНЫҢ «ЖАҢА БРЕНД ЖАСАҒАНЫ ҮШІН» НОМИНАЦИЯСЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

20 май 2014 год

18 сәуірде Алматы қаласында Еуразиялық Бизнес Форумның шеңберінде Қазақстандық компанияларды қолдау бойынша «ТОПЖАРҒАН» бірегей беделділік жобасының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. «Жаңа бренд жасағаны үшін» номинациясында «Верный Капитал» АҚ жеңіске жетті.

«ТОПЖАРҒАН» – «Exclusive» журналы 10 жылдан астам бойы өткізіп келе жатқан беделділік рейтингтері легін концептуалдық дамытудың нәтижесі болған Қазақстандық компанияларды қолдау бойынша жоба. Жобаның мақсаты: сарапшылық бағаларды талдау жолымен экономиканың түрлі салаларындағы жетекші ұлттық кәсіпорындарды анықтау. Жобаны іске асыруға «Exclusive» журналының, Еуразиялық Бизнес Форумның сарапшылары, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының мүшелері қатысты. 724 сарапшы сұрастырылды. Сарапшылық сұрастырудың нәтижесінде бірнеше номинацияда үздік отандық компаниялар анықталды. «Жаңа бренд жасағаны үшін» номинациясында «Верный Капитал» АҚ жеңіске жетті.

«Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов былай деді: «Сарапшылар қоғамдастығы тікелей жекеше инвестициялар – private equity – саласында жұмыс істейтін үздік компания құру бойынша біздің жұмысымызды жоғары бағалағанына қуаныштымыз. «Верный Капитал» брендін ілгерілете отырып, біз сонымен қатар жекеше инвестициялардың елді дамытудағы әлеуеті мен оң ықпалын танымалдандырамыз, жұртшылыққа оны жақсырақ түсінуге, ал кәсіпкерлерге – жекеше инвесторлармен табысты өзара әрекеттесу принциптерін жете білуге көмектесеміз».

Онда марапаттау өткен Еуразиялық Бизнес Форум (ЕБФ) алғаш рет 2014 жылғы 17-18 сәуірде Алматы қаласында өтті. Ол 2014 жылғы 21-23 мамырда Астана қаласында Астана экономикалық форумының (АЭФ) қанаты астында өзінің жалғасын таппақ. Ұйымдастырушылардың ойы бойынша, ЕБФ елдің бизнес жүргізуге ашықтығын, инновацияларға және «жасыл экономикаға» артықшылық беретінін көрсететін әлемдік қоғамдастықпен коммуникацияға арналған алаңшаға айналуға тиіс.

 

БАҚ үшін байланыс деректері:
Группа компаний "Верный Капитал":
Михаил Дорофеев, баспасөз хатшысы,,
тел. +7 7172 73 50 50, ішкі н. 1141, ұялы т. +7 771 760 00 25
e-mail: mikhail.dorofeyev@vernycapital.com