01 Янв 1970 «Верный Капитал» «Rixos-Borovoe 2014» Екінші Қайырымдылық велошеруіне қолдау көрсетті және енді Көкшетау қаласының Облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәрестелерге арналған жаңа реанимация болады - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

«Верный Капитал» «Rixos-Borovoe 2014» Екінші Қайырымдылық велошеруіне қолдау көрсетті және енді Көкшетау қаласының Облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәрестелерге арналған жаңа реанимация болады

31 окт 2017 год

Дәстүр бойынша Шортанды-Бурабай курорттық аймағында өткізілетін Rixos Borovoe қайырымдылық велошеруі биылғы жылы 23 тамызда өтті. Акцияға Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров тағы қолдау көрсетуті. Оған 2014 жылғы "Тур де Франс" жеңімпазы Винченцо Нибали бастаған "Astana" велокомандасының қалған қатысушылары қосылды. Велошерудің үш жүз қатысушысы – ірі-ірі Қазақстандық және шетелдік компаниялардың топ-менеджерлері мен қызметкерлері, түрлі мемлекеттік құрылымдардың басшылары – 30 километрлік трассаны еңсерді және Көкшетаудағы жаңа туған нәрестелерге арналған жаңа реанимация үшін 87 миллион теңгеге жуық жинады.

Акцияға «Верный Капитал» тобының 40 қызметкері мен олардың жақындары қатысты. Былтырғы жылдағы секілді, Қайырымдылық велошеруінің қатысушылары мен меймандары жеке құрмалдықтар жасады. Біздің компания да сондай-ақ ең ірі корпоративтік құрмалдық – 1 миллион теңге енгізді.

Велошеруді Rixos Borovoe отелі Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» Қайырымдылық қорымен бірлестікте Ақмола облысы Әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды. Мақсаты – Көкшетау қаласының Облыстық перинаталдық орталығының балалар реанимациясы бөлімшесін кеңейту үшін қажет қаражат жинау. Қазіргі сәтте орталық онда педиатриялық кешен орналасатын қосымша ғимаратты қайта құруды аяқтап қалды. Ол тек перинаталдық орталықтың өзінде дүниеге келген нәрестелерге ғана емес, бүкіл облыс бойынша нәрестелерге көмек көрсету үшін қажет. Қайырымдылық велошеруінің барысында жиналған қаражатқа сатып алынатын жаңа медициналық жабдық жыл сайын 300 шақты жаңа туған нәрестеге күтім көрсетуге және бүкіл Ақмола облысынан кішкентай пациенттер мен олардың аналарын қабылдауға мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар, велошеру аяқталғаннан кейін, қайырымдылық аукционы өтіп, онда Александр Винокуров, Винценцо Нибали, «Rixos Borovoe отель» командасының басқа мүшелері мен бірқатар компаниялардан лоттар қойылды.

Rixos Borovoe 2014 қайырымдылық велошеруі тек жаңа туған нәрестелердің өмірін құтқару ісінде көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар Қазақстанның ішіндегі туризмге Қазақстандықтардың назарын аударады, бүгіннің өзінде Шортанды-Бурабай курорттық аймағында инвесторы «Верный Капитал» тобы болып табылатын жаңа бес жұлдызды «Rixos Borovoe» отелінде енді қол жеткізуге болатын жаңа мүмкіндіктер мен жоғары сервис деңгейін көрсетеді.