01 Янв 1970 Қазақстандық «RG Gold» алтын өндіру компаниясы жылына бір тонна алтын өндірістік деңгейге жетті - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

Қазақстандық «RG Gold» алтын өндіру компаниясы жылына бір тонна алтын өндірістік деңгейге жетті

14 дек 2015 год

2015 жылғы 14 желтоқсан, Ақмола облысы, Щучинск қаласы. Қазақстандық «RG Gold» ЖШС алтын өндіру компаниясы (бұрын – «Райгородок» ЖШС) 2015 жылғы алғашқы тонна алтынды балқытып, компания алтын өндірісі көлемдерін 2014 жылмен салыстырғанда, 75% астамға ұлғайтқанын хабарлауға қуанышты. Өндірістің осы деңгейіне жету үшін, Северный Райгородок кенішіне қосымша, компания биылғы жылы Южный Райгородок кенішінен өндіруді бастады, ұсату-сұрыптау кешенінің және гидрометаллургиялық цехтың қуаттылықтарын ұлғайтты.

Өндірістік қуаттылықтарды кеңейтудің негізгі бөлігі ҮИИД бағдарламасының шеңберінде тартылған банктік қарыздың есебінен қаржыландырылды. Компания бағдарламаға 2014 жылдың соңында қосылып, өзіне алтын өндірісі көлемін жылына 1 тонна ұлғайту және 90 жаңа жұмыс орнын құру бойынша міндеттеме қабылдады. «RG Gold» ЖШС өндіріс көлемдері бойынша, тап содай жұмыс орындарын құру бойынша өзінің міндеттемелерін табысты орындауда. Жобаны іске асыру басталған сәттен бері компания 220-дан астам тұрақты жұмыс орнын құрды.

2014-2015 жылдардағы кезеңде компания өндірістік қуаттылықтарды кеңейтуге 1,5 миллиард теңгеден астам, ал геологиялық барлауға 1,3 миллиард теңге шамасында инвестиция құйды. Бұл инвестициялар компанияның көп жылдық өнімді жұмысы үшін негізді құрады. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің нәтижелері бойынша, алтын қорларының ағымдағы 36 тоннадан 2017 жылғы 85 тоннадан астамға дейін өсуі күтіледі. Компания және мердігерлер кең ауқымды бұрғылау бағдарламасын жүргізуде, оның алдын ала нәтижелері қазбаланатын кен орындарының жоғары әлеуетін растайды.

2015 жылы болашақ алтын шығару фабрикасы үшін алдын ала технологиялық регламент әзірлеудің шеңберінде, Северный Райгородок және Южный Райгородок кен орындарының тотықтандырылған және бастапқы рудаларын байыту бойынша сынақтар өткізілді. Зерттеулердің нәтижелері лабораториялық жағдайларда бастапқы үгітуден кейін руданы сілтісіздендіру әдісімен 95% дейін алтын шығарып алудың мүмкіндігін көрсетті. Кен орнының рудаларына азат алтынның көп үлесі және сульфидтердің төмен құрамы тән, бұл тотықтандырылған және бастапқы рудаларды фабрикада барынша тиімділікпен қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

Геологиялық барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін, компания халықаралық стандарттар бойынша қорлардың санағын жүргізуді және алтын шығарып алу фабрикасының құрылысын салуға кірісуді жоспарлайды.

Серик Сыздыков, «RG Gold» ЖШС Бас директоры: «Мен компаниямыз жылына бір тонна алтын өндіріс қуаттылығына шығу бойынша талабы биік жоспарын орындағанына қуаныштымын. Бұл компанияның персоналының жемісті жұмысының, «Верный капитал» басты компанияның қолдауының және ҮИИД бағдарламасы арқылы мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болды. Алтынның бағасының төмендегеніне және елдегі дағдарысқа қарамастан, біз 220 жаңа жұмыс орнын құрдық, болашаққа сеніммен қараймыз және өзіміздің алдымызға одан да биік талапты міндеттер қоямыз».

Даврон Рустамкулов, «Верный Капитал» компаниялар тобының Бас директорының инвестициялар жөніндегі орынбасары: «Біз жобаның қалай дамып жатқанына разымыз. RG Gold – біздің компаниямыздың табысты инвестицияға айналу үшін барлық факторларға: құнының өсуінің жоғары әлеуетіне, мықты басқарушы командаға және бизнестің жоғары пайдалылығына ие жобасы. Біз компанияның әлеуетінің іске асуын тағатсыздана күтеміз және RG Gold жобасын нарыққа қажетті уақытында ұсынуға қуанышты боламыз».