01 Янв 1970 «The Business Year» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСПАСЫ «Верный Капитал» ТОБЫН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ЖЫЛДЫҢ ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЫ/Private equity firm of the year» ДЕП АТАДЫ - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

«The Business Year» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСПАСЫ «Верный Капитал» ТОБЫН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ЖЫЛДЫҢ ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЫ/Private equity firm of the year» ДЕП АТАДЫ

12 фев 2015 год

Ерлан Оспанов, бас директор және топтың басқарушы серіктесі, мынадай түсініктеме берді: «Біздің компания халықаралық инвестициялық қауымдастық алдындағы өз беделін қалыптастыруға аса назар аударып, ерекше күш жұмсайды. Халықаралық ТД-арналарындағы айналым үшін беделдік роликтер түсіріледі, кездесулер, форумдар, арнайы, соның ішінде «ЭКСПО-2017» тәрізді ауқымды іс-шаралар жүргізіледі. Біздің топ Қазақстандағы жеке инвестициялардың ірі компаниясы ретінде осындай жұмыстың маңыздылығын жақсы түсінеді. Әрине, инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылықтары артуда, олар сенуге тұрарлық ақпарат іздестіреді. Бұл марапат күтпеген жаңалық болды және біз «The Business Year»ерекшелеген алғашқы қазақстандық компания болғанымызға қуаныштымыз».

«The Business Year» редакциясы жыл сайын жиырма елдің әрқайсысында оның бағалауынша үздік деп таныған компанияларды ерекшелеп, олар бойынша шолулар жариялайды. Баспа Қазақстанда барлығы төрт марапат тапсыруды жоспарлап отыр. «Жылдың жеке инвесторы/Private equity firm of the year» ретінде ерекшеленген «Верный Капитал» тобынан басқа «Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке тартылғандығы үшін/CRS involvement of the year», «Жылдың құрылыс компаниясы/Building company of the year» және «Жыл банкі/Bank of the year» компаниялары марапатталады.

«The Business Year. Kazakhstan» шолулары 2011 жылдан бастап жарияланады. Соңғы «The Business Year. Kazakhstan» шолуы 2014 жылы жазда жарық көрді.. Кезектісі 2015 жылғы мамырда шығарылады. Осы шолуға сонымен қатар «Верный Капитал» тобының бас директоры Ерлан Оспановтың сұхбатыкіреді, оның қысқартылған нұсқасы «The Business Year» порталында өткен жылғы қазанда жарияланды.

 

Қосымша ақпарат​

«Верный Капитал» - Қазақстандағы жеке компанияларға тікелей инвестицияларға (private equity) маманданған ірі топтардың бірі. Қазақстан және ТМД басқа елдерінің компаниялары мен жеке иелеріндегі бақылау немесе елеулі миноритарлық үлестерін иемденіп, «Верный Капитал» олардың стратегиялық және операциялық басқаруына белсенді қатысады. Топтың негізі 2006 жылы қаланды. «Верный Капитал» басқаруындағы активтердің жалпы көлемі 4 млрд. АҚШ долларынан астам. Топтың қоржындық компаниялары табиғи ресурстар, телекоммуникация және медиа, тұтыну тауарлары және қызметтері, көлік және логистика, құрылыс материалдарының өндірісі, жылжымайтын мүлік және қонақ үй бизнесі секілді секторларда ұсынылған. Көп жылдар бойы «Верный Капитал» Қазақстан және ТМД капиталы мен нарығына қолжетімділікке жәрдемдесіп әрі серіктестікке өз тәжірибесі мен сараптамасын қосып, халықаралық стратегиялық инвесторлармен сәтті қызмет етеді.

www.vernycapital.com

«TheBusinessYear» - Лондон қаласында бас пәтері бар, әлемнің 20 елінің экономикасына жыл сайын экономикалық шолулар жариялайтын халықаралық баспа. Баспа мамандары әр түрлі елдердің саясатшыларымен және бизнесмендерімен кездеседі, әлемдік бизнес-қоғамдастық үшін экономикалық үрдіс қарқыны мен инвестициялық мүмкіндіктер бойынша ақпарат пен ұсыныстар талдап, әзірлейді.

Жоба сайты http://www.thebusinessyear.com/home

«The Business Year. Kazakhstan – 2014» шолуы: http://www.thebusinessyear.com/publication/article/42/3942/kazakhstan-2014/consumed-by-growth