01 Янв 1970 БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ. Қазақстандық «RG Gold» алтын өндіру команиясы қорларды бағалау мақсатында бұрғылау бағдарламасын аяқтап, жобаны дамытудың ары қарайғы қадамдарын белгіледі - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ. Қазақстандық «RG Gold» алтын өндіру команиясы қорларды бағалау мақсатында бұрғылау бағдарламасын аяқтап, жобаны дамытудың ары қарайғы қадамдарын белгіледі

23 сен 2016 год

2016 жылдың 23 қыркүйегі, Ақмола облысы, Щучинск қ. Қазақстандық «RG Gold» ЖШС алтын өндіру компаниясы (ары қарай - «Компания») қорларды бағалау мақсатында геологиялық-барлау бағдарламасы аясында соңғы ұңғыманы бұрғылауды аяқтағаны туралы хабарлайды. 2014-2016 жылдар аралығында бағаналы бұрғылауға жататын жалпы тереңдігі 116 мың метрге тең 476 ұңғыма бұрғыланды. Осының нәтижесінде алынған ақпарат қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның стандарттарына сәйкес және де JORC халықаралық стандарттары бойынша Оңтүстік және Солтүстік Райгородок кенорындары аумағындағы алтын қорлары көлемін бағалауға мүмкіндік бермек. Қорларды есептеу нәтижелері 2017 жылдың бірінші тоқсанында белгілі болады деп күтілуде, одан кейін қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияда алтын қорларын бекіту үрдісі басталады.


Бұрғылаудың жедел нәтижелері кенорындар қапталы және де тереңдігі бойынша әлі жиектелмегендігін көрсетуде. Терең ұңғымаларды бұрғылау тереңдігі бар кендегі алтынның орташа мөлшерінің ұлғайғандығын байқатты, бұл кенорынның әлеуеті жоғары екендігін айғақтайды. «RG Gold» ЖШС акционерлері Оңтүстік және Солтүстік Райгородок кенорындарын ары қарай зерттеу және де қорларды қайта бағалау үшін барлау мақсатындағы ұңғылау жұмыстарын 2017 жылдың мамырына дейін жалғастыруды ұйғарып отыр.


JORC стандарттары бойынша есептемені дайындағаннан кейін Компания басшылығы алтын шығару фабрикасының (ары қарай - «АШФ») қуаттылығын қайта қарастыру және жобаны дамыту форматы туралы шешім қабылдамақ. Қазір бекітілген жоспар аясында жылына 2 млн. тонна кенді қайта өңдеуге қауқары бар фабриканы салу қарастырылған. Қорларды жедел есептеу нәтижелері бойынша АШФ-да қайта өңдеуге болатын кен көлемі бірнеше есеге өседі деп күтілуде, бұл жылына 4 млн. тоннаға дейін кен шығара алатын АШФ-ын салуға мүмкіндік беруі тиіс.


Осыған орай «RG Gold» ЖШС бас директоры Серік Сыздықов былай деп атап өтті: «Біздің геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге арналған бағдарламамыз алтын қорларының көлемін бірнеше есе ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтіп отырмыз. Қорларды есептеу және оны мемлекеттік органдарда бекіту үрдісі белгілі бір уақытты қажет етеді, сондықтан нақтылау мақсатында жүргізілетін бұрғылау нәтижелері қорларды есептеу есептемесіне кірмейді, алайда біздің кенорындарымызды жиектеп, олардың геологиясын жақсырақ түсінуге көмектеспек. JORC стандарттары бойынша жұмыс жасау арқасында біз пайдалы қорлар көлемін бағалап, кенорындарды тиімді түрде игеруге мүмкіндік аламыз».


«Верный Капитал» компаниялар тобының инвестициялар жөніндегі бас директорының орынбасары Даврон Рустамкулов: «Геологиялық барлау бағдарламасының нәтижелері бізді үлкен әсерде қалдырды және де біз қапталы бойынша да, тереңдігі бойынша да кенорындарды ары қарай зерттеудің әлеуеті зор екендігін көріп отырмыз. Қорлардың көлемі расталған жағдайда біз жеңіл байытылатын кені бар жаңа ірі алтын кенорнының ашылғандығы туралы мәлімдей аламыз. RG Gold командасы және оның кеңес берушілері барланған шоғырларды бағалау және оларды тиімді игеру бағытында белсенді жұмыс жүргізуде».

Қосымша ақпарат:
«RG Gold» ЖШС (бұрынғы атауы - «Райгородок» ЖШС) – Ақмола облысы Бурабай ауданындағы Новоднепровский, Солтүстік және Оңтүстік Райгородок кенорындары кіретін Новоднепровский келісімшарттық аумағында жұмыс жүргізіп отырған тау-кен компаниясы. Келісімшарттық аумақтың жалпы ауданы 67.7 шаршы метрді құрайды. Кенорындардағы бекітілген алтын қоры 36 тоннаға, оның ішінде тотыққан кендердегі көлемі 11 тоннаға тең. Қазіргі таңда компания Солтүстік және Оңтүстік Райгородок ашық кеніштерінен тотыққан кенді өндіріп, оны кесектеп сілтісіздендіру жолымен қайта өңдеуде. «RG Gold» ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы «Верный Капитал» компаниялар тобы болып табылады.
www.rggold.kz

«Верный Капитал» - жекеменшік компанияларға тікелей инвестиция құюға (private equity) маманданған Қазақстандағы ең ірі топтардың бірі. Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі жекеменшік иелерінің компанияларында бақылау үлесін сатып алу арқылы, сондай-ақ, айтарлықтай үлесі бар миноритарлық акционер атана отырып, «Верный Капитал» олардың стратегиялық және операциялық басқаруына белсенді атсалысады. Топ 2006 жылы негізі қаланған. «Верный Капитал» басқаруындағы активтердің жалпы мөлшері 4 млрд. АҚШ долларынан асады. Топтың қоржынындағы компаниялар табиғи қорлар, телекоммуникация және медиа, тұтынушылық тауарлар мен қызметтер, көлік және логистика, құрылыс материалдарын өндіру, жылжымайтын мүлік және қонақ үй бизнесі секілді секторларда қызмет жүргізеді. Көптеген жылдар бойы «Верный Капитал» Қазақстан және ТМД елдерінің нарықтары мен капиталына қол жеткізуге жәрдемдесу және де серіктестік аясында өз тәжірибесі мен сараптамасын ұсыну арқылы халықаралық стратегиялық инвесторлармен сәтті ынтымақтастық жүргізіп келеді.
www.vernycapital.com