01 Янв 1970 НАРХОЗ университеті экономика мен бизнес саласында білім беретін Орталық Азиядағы көшбасшы университет ретіндегі даму тұжырымдамасын ұсынды. - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

НАРХОЗ университеті экономика мен бизнес саласында білім беретін Орталық Азиядағы көшбасшы университет ретіндегі даму тұжырымдамасын ұсынды.

08 апр 2016 год

Алматы, 2016 жылдың8 сәуірі - Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университет бүгін атауын орыс тілінде «УниверситетНАРХОЗ», ағылшын тілінде NARXOZUniversity,  ал қазақ тілінде «НАРХОЗ Университетi» деген атауға өзгерткені туралы хабарлады. НАРХОЗ университетін экономика мен бизнес саласында білім беретін Орталық Азиядағы көшбасшы университет ретінде дамыту тұжырымдамасына арналған  іс-шара аясында университет басшылығы халықаралық сарапшылар тобының жүргізген реформалары туралы әңгімелеп, жаңа бастамалары жайында мағлұмат берді.

Бүгінгі күні «Нархоз» ондаған жылдарға созылған академиялық, ағартушылық, ғылыми дәстүрлерге негізделген, орасан зор күшке ие тарихи тұрғыда қалыптасқан бренд болып табылады. 1963 жылы негізі қаланған Алматы халықшаруашылығы институты өзінің қызмет етіп жатқан бүкіл кезеңі ішінде жұртшылыққа дәл осындай бейресми атаумен танылған. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін университеттің атауы бірнеше мәрте өзгертілген болатын, алайда «Нархоз» жоғарғы экономикалық білім беру стандарттарының синониміне айналып, сол атауымен қоғам санасында мықтап орын тепті. Ал бұған бүгінгі жиында бас қосып отырған бизнестің биік шыңдарын бағындырып, ел алдындағы қызметімен танылған университет түлектері дәлел.

Университет ректоры Кшиштоф  Рыбиньски бастаған жаңа топ-менеджмент мүшелері жүргізілген ауқымды реформалар жөнінде әңгіме қозғады. Бүгінгі күні Нархоз заман талабына жауап беретін мықты әрі тиімді білімдер мен біліктіліктерді игерген, бойында көшбасшылық дарыны бар кәсіпқой мамандарды шығаратын инновациялық университет ретінде танылуға ұмтылып отыр. Бизнестің әлемдік стандарттарына және қазіргі заман талаптарына сәйкес дамуға қабілеті аса жоғары университет түлектері жоғары ашық бәсекелі еңбек нарығында әрқашан да үлкен сұранысқа ие. Ұлыбританияның Жоғарғы білім беру сапасының кодексін негізге ала отырып, сапаны қамтамасыз ету стандарттары дайындалып, университеттің білім беру үдерісіне ендірілді.

2005 жылдан бастап университет инвесторы оқу ордасын қайта құруға арналған әлеуметтік бейкоммерциялық жобаға 40 миллион АҚШ долларына жуық қаржы құйған болатын, өйткені ел экономикасын дамытуда озық халықаралық талаптарға жауап беретін лайықты деңгейдегі білім базасын құрудан маңызды ешнәрсе жоқ. Нәтижесінде бұл халықаралық сарапшыларды тартуға, университтетің материалдық-техникалық базасын жаңартуға, сондай-ақ, қажетті реформаларды жүргізіп, Нархоз университетін дамудың жаңа сатысына шығаруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, жиында «Эндаумент  қорының» құрылатындығы жөнінде хабарланды. Қордың мақсаты аясында түрлі уақыт кезеңінде оқуларын бітіріп шыққан университет түлектері табысы төмен отбасылардан шыққан талантты студенттерге көмек көрсетпек, сондай-ақ, оқытушылар мен басқа да жобаларға қолдау көрсетілетін болады.

Болат Жәмітұлы Өтемұратов жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде былай деп атап өтті: «Қорды құру біздің Университетті дамытуға қосып отырған кезекті бір үлесіміз болмақ. Көптеген түлектер өздері оқып шыққан туған университетіне қолдауын көрсетіп, шама-шарқынша өз үлестерін қосқысы келетіндігіне мен сенімдімін. Сондықтан біз осыған қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа тетіктің құрылып отырғандығын жариялап отырмыз».

«Нархоздың көздегені - Орталық Азия аумағындағы ең инновациялық экономикалық оқу ордасына айналу. Біз аралас, төңкерілген оқыту үлгілері, электрондық оқытудың ең заманауи платформалары секілді  ең озық әлемдік инновацияларды оқу үдерісіне ендіріп жатырмыз. Осының бәріне біз акционеріміздің қолдау көрсетуі арқасында қол жеткізудеміз. Әрине, университет басшылығы дарынды балаларды оқуға тартып, экономикалық білімге қол жеткізуге қаржысы жоқ жастарға көмек көрсетуге ұмтылады. Таланттарды іздеп, оларды тәрбиелеп шығаруды өзінің басты миссиясы етіп қойып, «Верный Капитал» компаниялар тобы Болат Өтемұратовтың «Болашақ бизнес көшбасшылары» атаулы шәкіртақасын тағайындап отыр. Сондай-ақ, 2016 жылдың қыркүйегінен бастап «Верный Капитал» тобы «ForteBank» АҚ-мен бірлесе отырып бакалавриат бағдарламаларына арналған 100 шәкіртақыға демеушілік көмек көрсетпек», - деп мәлімдеді Нархоз университетінің ректоры Кшиштоф  Рыбиньски баспасөз мәжілісі кезінде.