01 Янв 1970 2017 - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

Жаңалықтар

verny.news_select_category
Сауда орталықтарының бүгінгі концепциясы 14.11.2017

Үшінші орын (үй, офис және сауда-сауық орталығы) концепциясы әлемде өте танымал және девелоперлер қоятын негізгі сұрақтар – оған қалай жетуге болады, ол үшін не керек және адамдар нені қалайды, оған қоса, бұл орайда бизнесті қалай табысты ету керек. Сұхбат сауда орталықтарының табысты концепциялары, негізгі әлемдік трендтер, ССО жайлылығы және атмосферасы, қонақжайлық сервис туралы болмақ.

Гастрономиялық мейрамханалық бизнес 14.11.2017

Адам, жанды биологиялық мақұлық ретінде, өзінің азық табуға қажеттілігін қанағаттандыруға тиіс. Бір қызығы, түрлі мәдениеттерде бұл әрқилы жүреді. Мысалы, американдықтар үшін бұл тек жігер жинау, ал француздар үшін бұл ләззат. Бүгін гастрономиялық бизнес концепциясы туралы, түрлі елдерде жоғары аспаздық мейрамханаларын ашу туралы және табысты орындардың "сырлары" туралы әңгімелесеміз.

Диджитализация 14.11.2017

Қазір стартаперлерге арналған сан алуан іс-шаралардың саны ұшан теңіз. Презентациялар, хакатондар, стартап-шоу, питчингтер, спиддейтингтер, нетворкинг және Батыстан ауысқан басқа да айқындамалардың жалпақ саны жас буынның өмірін толтырады. Бұл әлдебір нақтылықпен аяқталады ма? Стартапер өзінің инвесторын қалай іздейді? Кәсіпкер бүгін қандай болуға тиіс және ол стартапер ме екен?

Cтартаптар және кәсіпкерлік бастама 14.11.2017

Бүгін бәрі де диджитализация және оның өмірдің барлық салаларына енуі туралы айтады. Бұл не нәрсе? Диджитализация не үшін керек және ол не әкеледі? Бұл шығарылымда диджитализацияны жалпы түсініктегі процесс ретінде және бизнес саласы мен өмірде пайдалануды талқылаймыз.

HR бизнес үшін негізгі ресурс ретінде 14.11.2017

HR бизнесте персоналды іздеу және таңдау бөлігіндегі рөлі және перспективалары, персонал іріктеу жөніндегі халықаралық агенттіктің және ірі компанияның / ірі Холдингтің HR бөлімшесінің позицияларынан бизнес-құрылымға қызметкерлер іріктеу принциптері, HR нарығының және кәсіптердің болашақта дамуы туралы болжамдар.

Банктер: миф пе әлде шындық па 14.11.2017

Бұл шығарылымда банктердің қызметі туралы негізгі "мифтарды" белгілеп және оларды банкирдің және нарықтың тәуелсіз талдампазының позициясынан қарастырып көреміз.

Бағдарламаның қонақтары: "ForteBank" АҚ басқарма төрағасы - Мағжан Әуезов және ""Талап" қолданбалы зерттеулер орталығы" ҚҚ директоры - Рахим Ошакбаев.

Диджитализация 1: бизнестегі блокчейн технологиясы 14.11.2017

Бағдарламаның бұл сериясы бизнес-процестерді диджитализациялау туралы, мұнда блокчейн технологиясына толығырақ тоқталып, оның практикада қолданылуы және техникалық құрылымы туралы әңгімелейміз.

Бағдарламаның қонақтары: "Asia Blockhain" қауымдастығының басшысы - Теймур Тмуслим, бағдарламашы - Андрей Андреев, және банкир - Гурам Андроникашвили.

    Страница 1 из 1