01 Янв 1970 «Оңтүстік Қырғызстан цементі» - нарықта 8 жыл - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

«Оңтүстік Қырғызстан цементі» - нарықта 8 жыл

11 май 2018 год

Зауытта 500-ден астам адам, негізінен Қызылқия қаласынан жергілікті кадрлар жұмыс істейді. Кадрлар резерві бойынша жұмыс жүргізіледі – компанияның қызметкерлері үнемі жақын және алыс шетелдерге оқуға, біліктілігін арттыруға жіберіледі.

ОҚЦ – тек жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар Баткен облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосатын компания. ОҚЦ жыл сайын жергілікті қоғамдастықтарға қаржылық көмек көрсетеді. 2010 жылдан бері кәсіпорын Т. Кулатов атындағы ауыл шаруашылығы басқармасын дамытуға 22 миллион сом (300 мың АҚШ долларын) инвестициялады, ал көрсетілген әлеуметтік көмектің жалпы сомасы 44 миллиона сом (600 мың АҚШ долларын) құрайды. Зауыт сондай-ақ елдің ірі салық төлеушілерінің бірі болып табылады, компания жыл сайын бюджетке 500 миллион сомнан астам (7,2 миллион АҚШ долларын) аударады.

Italcementi цемент холдингімен (әлемде цемент өндірісі бойынша бесінші) серіктестікте кәсіпорын зиянды өндірістік шығарындыларды нормативтік көрсеткіштерге қарсы екі есе қысқартуға мүмкіндік беретін «құрғақ» тәсілмен цемент өндірісін жолға қойды.