01 Янв 1970 Beeline Қазақстандағы абоненттер саны бойынша 20 жылда алғаш рет көшбасшы атанды - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

Beeline Қазақстандағы абоненттер саны бойынша 20 жылда алғаш рет көшбасшы атанды

11 дек 2018 год

Көрсеткіштер енді екінші орынға ығысытырлған Kcell компаниясынан 800 мың абонентке артық.

Beeline Қазақстандағы абоненттер саны бойынша көшбасшы атанды. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша, ұялы оператордың клиенттерінің саны 10 млн. адамға жетті. Мұндай жетістік компания құрылғаннан бастап оның 20 жылдық тарихында алғаш рет орын алды.

Көрсеткіштер енді екінші орынға ығысқан Kcell компаниясынан 800 мың абонентке артық.

«Біз үшін бұл - іргелі жетістік. Біздің көш бастауымыз – 20 жыл бойы компанияның тынымсыз қызметінің заңды нәтижесі. Beeline – жай ғана ұялы оператор емес, ол нарықтағы әмбебап ойыншы», - дейді Beeline Қазақстан компаниясының бас атқарушы директоры Александр Комаров.

Компанияның бас директорының айтуынша, енді Beeline табыс бойынша көшбасшылық үшін күресуде.

Үшінші тоқсанда Beeline LTE желісін құру бойынша міндеттерді атқарып үлгерген. Бұл - клиенттермен жұмысқа арналған чат-боттарды іске қосқан бірінші оператор.

Сондай-ақ, Beeline Қазақстан компаниясы ұялы қаржы қызметтерін енгізу бойынша көшбасшы болып табылады. Компания төлем карталарының екінші түрін жасап шығарды. Біріншісі телефон теңгерімімен біріктірілген Visa және Mastercard болды, дебеттік карта қараша айында іске қосылды.

Сонымен қатар ҰҚҚ (ұялы қаржы қызметтері) бағытында Beeline жол ақысын ұялы теңгерім есебінен төлеуді дамытуда.

«Технология бар, ол толықтай сыналған. Адамдар автобустарда жаңа технологиялық шешімдермен төлеуге дайын. Егер мемлекеттің еркінде болса, оларды бүкіл мемлекет үшін бір жыл ішінде енгізуге болар еді. Әр қала электронды төлемді өз бетінше дамытады. Кей сәттерде бізге көмек көрсетілді, кей сәттерде өз күшімізбен дамыта білдік. Астанада қалалық билік басындағылармен біз жақсы қарым-қатынастамыз, ал Алматыда – қарым-қатынас күрделі», - дейді Александр Комаров.

Компания заттар ғаламторын белсенді енгізіп, дамытуда. Ақылды газ есептегіштерін орнату бойынша жоба Қостанайда жақсы нәтижелерді көрсетті және Қазақстанның басқа қалаларына да таралатын болады.

Қолжетімді әлеуметтік тарифтерді енгізу туралы 26 қарашада Үкіметте айтылған мәлімдеме жөнінде пікір білдіре отырып, Александр Комаров ұялы байланыстың қымбат болу мәселесі көбінесе ойдан шығарылған дейді.

«Біз ең әлеуметтік ұялы оператормыз, біз табысы өте төмен ауыл тұрғындарының басым бөлігіне қызмет көрсетеміз. Адамдарды заманауи байланыс қызметтеріне қолжетімділік мәселесі көп алаңдатады. Алайда, егер мемлекет баға бойынша мәселелер бар десе, онда біз «Зейнеткерлік» тарифімен не істеуге болатындығын байқап көреміз», - деп айтты ол.

«Қазақтелекомның» Kcell компаниясымен бірігуі, Комаровтың ойынша, келесі жылы 80% ықтималдылықпен жүзеге асады.

«Біз қалыпты өмір сүретін боламыз, - дейді ол, оперторлардың бірігуі жайындағы өз ойымен бөлісе отырып. – Бізде бәсекелік артықшылықтар бар. Біз әмбебап, толыққанды оператор болып табыламыз. Алдағы 2-3 жылда оларда техникалық бірігу болады, яғни үлкен өзгерістер орын алмақ, ал біз үшін бұл мүмкіндіктер. Біз үшін басты сын-тегеуріндер бес жыл шегінде орнайды».