01 Янв 1970 Туризмді тамырымен құрту үшін тағы не ойлап табуға болады? - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

Туризмді тамырымен құрту үшін тағы не ойлап табуға болады?

05 июн 2018 год

Менің бір әуестігім бар, ол бала шақтан елеулі іске ұласты. Бұл сәндік өсімдіктер мен бақтар.

Мысалы, кәдімгі қарағайды өсіру үшін, орманның ішіндегі секілді жағдайлар жасау қажет. Күзде дайындалған тұқым қорғалған грунтқа отырғызылады. Олардың біразы көктейді және саусақпен сәл басып сындыруға болатын екі сантиметрге дейінгі нәзік өскіндер түрінде қылтиып шығады. Ол өскіндерді шыжыған күннен қалқалау және мезгіл-мезгіл суарып отыру керек. Әйтпесе олардың барлығы бірден құриды. Келесі жылы олардың біразы аман қалады және мөлшері бес сантиметрге дейін өседі. Ал келесі жылы ол көшеттерді шәкілдендіру, яғни, тамыр жүйесі қалыптасуы үшін, басқа орынға қайта отырғызу қажет. Сонда, мүмкін, он жылдан соң, біз биіктігі төрт-бес метр мықты ағашты көреміз.

Біздің туризм әлі дұрыстап дүниеге келіп үлгермеген. Саяхаттауға әуесқойлардың азын-аулақ топтары түріндегі сирек өскіндер біздің бюрократизм мен инфрақұрылымның жоқтығы секілді бөгеттер арқылы бой жаруда. Ал жаңа әрі өте оғаш бастамалар шілденің аптап ыстығы секілді оны күйдіреді және құрғатады.

Мысал үшін, қонақүйлерде ұсынылатын салықты (Bed Tax), әлде Іле Алатауы ұлттық паркінде фото- және видеотүсірілімді жүзеге асыру үшін ақыны, олар салықтарын жасырады деген желеумен Алакөлдегі отельдердің операторларын салықтық тексерістерді алайық. Кімді қудалауды тапқан екен.

– Қанеки, Tax Free жүйесін енгізейік!
– Керегі не? Бізде туристер жоқ.

Ал Tax Free жүйесі «орман ішіндегідей» талаптардың бірі. Туризм дамуы үшін, ҚОЛАЙСЫЗ емес, ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙЛАР жасау керек. Меніңше, бұл айдан анық.

Біздің туризм ең болмағанда бес метр кәдімгі қарағайдың жай-күйі мен беріктігіне дейін ешқашанда өспеуі үшін тағы не ойлап табуға болады екен?