01 Янв 1970 Creative Juma #1 - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

Creative Juma #1

30 апр 2018 год

Біздің барлық PR-менеджерлер, маркетологтар мен коммуникаторлар тобымыздың #CreativeZhuma деп аталатын ішкі сессиясына жиналды. Сессия уақытында қатысушылар өздерінің жобалары туралы ақпаратты ортаға салды, өзара әрекеттестік бойынша жоспарларын талқылады және жаңа идеялар ұсынды. Көп нәрселер туралы айтылды, бірақ дағдарысқа қарсы, соның ішінде өтірік жаңалықтармен байланысты сценарийлерге баса назар аударылды.

Бүгінгі әлемде фейк деген атауға ие өтірік ақпарат өте жылдам және технологиялық түрде таралып келеді. Олар атаққа зиян келтіреді, коммуникациялардың тиімділігін төмендетеді және ақиқат пен жалғанның арасындағы шекараны жоқ қылады. Дағдарыспен қалай тиімді күресуге болатынын түсіну үшін, біз командаларға бөлініп, түрлі индустриялардан кейстерді шештік.