01 Янв 1970 ЕСКЕРУ КЕРЕК ФАКТОРЛАР - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

ЕСКЕРУ КЕРЕК ФАКТОРЛАР

14 июн 2018 год

Өзіңіздің 2017 жылдағы қандай да бір негізгі жетістіктеріңіз туралы айтып берсеңіз?

2017 жылдың барысында екі негізгі нәтижеге қол жетті. Олардың бірі - Talan Towers жобасының, соның ішінде Астанадағы «Ритц-Карлтон» отелінің іске қосылуы. Ал екіншісі – RG Gold компаниясының әзірленімі, бес жыл бұрын іске қосылған алтын өндіру зауыты. Осы бес жылдық кезеңнің ішінде біз барлау жұмыстарын өткіздік, ал 2017 жылы қазбалаудың, барлаудың және өндірудің бірінші кезеңін аяқтадық. Біз өз ресурстарымыз бен резервтерімізді төрт есе ұлғайттық және өндірісімізді екі есе үлкейттік. Бүгінгі таңда біздің қарастыруымызда RG Gold жобасының екінші кезеңі тұр, оған бастапқы руда шығару және өндіру кіреді, және ол үшін жаңа зауытты тұрғызу қажет. Екінші кезең – ірі және капитал қажетсінетін жоба, ол біз үшін өте маңызды.

«Верный Капитал» компаниясы түрлі секторларда орын тепкен. Сіздің компаниялар портфелі бойынша өнімділік индикаторлары қандай болды?

Қонақүй бизнесі саласында біз, EXPO 2017 көрмесін өткізудегі басымдықтарды пайдаланып, Астанада «Ритц-Карлтон» отелін тұрғыздық және іске қостық. Біз іс-шара кезінде қала қонақтарын қабылдадық, өйткені, бұл тамаша орында орналасқан таңдаулы отель. Банк саласында біз Темірбанк» пен «Альянс Банкті» сатып алғаннан кейін Fortebank қайта құрылымдау сатысын аяқтадық. Біз банк секторында жаңа даму кезеңіне дайынбыз. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде біз өндірісті, сондай-ақ ресурстарымыз бен қорларымызды ұлғайттық. Білім беру саласында Нархоз университетінде оқу реформасын бастағанымыздан бері міне, үш жыл өтіпті, және біз тамаша нәтижелерге қол жеткіздік. Біз бағдарламалардың барлығын дерлік елеулі өзгерттік және жаңа бағдарламалардың бірқатарын қостық. Біз сондай-ақ жаңа оқытушыларды шақырдық, оқытушылардың көбісін ауыстырдық және жаңа ректорды тағайындадық. 2018 жылы біз университетті әрі қарай дамытудың жаңа 10 жылдық кезеңін бастаймыз. Телекоммуникациялар саласына келетін болсақ, саладағы әлемдік тәжірибе қазіргі кезде тұрақтануда және, сонымен бір мезгілде, трансформациялануда. Барлық телекоммуникациялық компаниялар қалай да болса инфрақұрылымға сүйенеді. Біз цифрлық салада жаңа өнімдер енгізуді жорамалдаймыз. 2018 жылы жаңа өнімді іске қосуға және клиенттеріміз үшін толық бағдарлама ұсынуға үмітіміз бар. Біз сондай-ақ жаңа, жарқын инвестициялық мүмкіндіктерді белгіледік. Біз өзіміздің ағымдағы активтерімізді кеңейтуге және жетілдіруге бағдарланамыз, ал жаңа инвестициялар туралы тиісті талдаудан және шешімдер қабылдаудан кейін 2018 жылы жарияланатын болады.

2017 жыл ел үшін едәуір ұтымды болды, өйткені Астана халықаралық статусқа ие болды, ал экономика шамамен 4% өсті. Сіздің жалпы алғанда экономика жайындағы әсеріңіз қандай?

Қазақстан қатаң экономикалық жағдайларда жұмыс істейді. Мұнайдың төмен бағалары мен осал дамыған өнеркәсіптік сектор осыған ықпал ететін екі фактор болып табылады. EXPO 2017 Астана секілді қалаға туристерді көбірек тартуға көмектесті. Қазақстанға логистика, көлік инфрақұрылымы және ауыл шаруашылығы секілді салаларды дамытуды жалғастыру керек. Бұл біз олардан ел үшін үлкен потенциалды көретін секторлар. Үкімет инфрақұрылымдық жобаларды жеке сектордың қатысуымен жүргізуге тиіс. Біз инфрақұрылым саласындағы бизнеспен айналысамыз, мысалы: біз жүк аэропортын иеленіп және басқарып отырмыз. Ол біздің жетекшілігіміздің және стратегиялық көрінісіміздің арқасында тамаша жұмыс істейді. Сондай-ақ еліміздің географиялық орналасуын ескере отырып, тасымалдау операцияларының үлкен потенциалы бар.

Ілгеріге көз салсақ, «Верный Капитал» компаниясынан 2018 жылы бізге не күтуге болады?

2018 жыл бұрынғы жылдарға қарағанда, көп нәрсеге уәде береді. Алайда, біздің бизнес-циклдарымыз қай кездегіден болмасын анағұрлым жылдам ілгерілеуде, бұл жоспарлауды қиындатады. Технологиялар жылдам дамуда және біз мен «белгілі бір тұрлаусыздық» деп атайтын құбылысқа тап болдық. Блокчейн туралы айтпағанның өзінде, деректердің орасан сілемдері, жасанды интеллект (AI) және машиналық оқу – мен айтып отырған факторлар осы. Яғни, мен жаңа цифрлық технологияларды, жаңа цифрлық нақтылықтар мен жаңа цифрлық философияны айтамын. Бұл заман талабы және не болатынын ешкім де білмейді. Біз ЖИ, деректердің орасан сілемдері, машиналық оқу және тіпті блокчейн қандай деңгейде дамитынын және енгізілетінін болжай алмаймыз. Технологиялар біздің өмірімізден орын алды, бұл нақтылық және біз оны қабылдауға тиіспіз.