01 Янв 1970 Global Talks с Ерланом Оспановым - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

Global Talks с Ерланом Оспановым

16 апр 2018 год

«Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов белсенді жастармен бизнес, болашақ, технологиялар және табыстылық тақырыбына ойларын орта салды. Біз кездесудің үздік сәттерін іріктеп алдық.

Цифрлық болашақтағы адами капитал туралы: «Біз өзімізбен не болатынын өзіміз де әзірге ұғынбадық. Біз аналогтық өмірден цифрлық өмірге көшу үстіндеміз. Бұл жаңа өмір салты, бұл олардың жағдайында адам мүлде қатыспайтын ішкі және сыртқы процестер. Сондықтан мен келген басты тұжырым мынадай болып табылады – білімдер әрқашанда маңызды, бірақ білімдердің маңызын бұрынғы деңгейінде қалдыра отырып, бірінші орынға сыни ойлау, командада жұмыс істей білу және жылдам құбылатын әлемге жылдам бейімделе білу секілді құзыреттіліктер шығады. Бұл қазіргі ғарыштық жылдамдықтардан туындайды. Жаңа нақтылық басталып келеді, мен оны айқындалған тұрлаусыздық деп атаймын».

Білім қандай болуға тиіс: «Білім қандай да бір деректерді жаттауға және оларды механикалық түрде қайталауға негізделмеуге тиіс. Ең бастысы, білімдерге ынтаны дарыту және оқуға үйрету. Мысал үшін, Haileybury мектептерінде балаларды, әсіресе, бастауыш буында, шығармашылық бағыттарда, музыкада, өнерде және т.б. белсенді дамытады, сөйтіп балада эмоционалдық интеллекттің негізі қаланады. Бүгінгі мектеп шәкірттерді тұлғалық, әлеуметтік, эмоционалдық және физикалық дамытуға, олардың коммуникативтік және тіл машықтарына баса көңіл бөледі.

Нақты ғылымдарға келетін болсақ, онда бұл жерде зерттеушілік көзқарас неғұрлым тиімді болып келеді. Мысалы, Пифагордың теоремасын түсіндіргенде, балаларға топтарға бөліну және оны өз беттерімен дәлелдеп көру ұсынылады, тек содан соң барып, оның классикалық дәлелдемесі көрсетіледі. Жаттау емес, үйрену – менің ойымша, бүгінгі білім берудің негізгі принципі осындай болуға тиіс».

Неліктен компанияның портфелі негізінде Қазақстанда шоғырланған: «Біріншіден, біз өз нарығымызды жақсы білеміз. Екіншіден, біздің бизнесті стратегиялық басқару бойынша нақты принциптеріміз бар, оларды шалғайдан іске асыру едәуір қиын».

Табыстылық формуласы туралы: «Бәрі де тек өз қолдарыңда. Өздеріңе ұнайтын салалардағы құзыреттіліктеріңді, білімдерің мен машықтарыңды дамытыңдар. Жалпы, өздеріңе бәрінен бұрын ұнайтын нәрсемен айналысу керек. Тек сонда ғана өздеріңді толық аша аласыңдар. Өз істеріңді сүйіңдер, сонда табысты боласыңдар».