01 Янв 1970 Burabike 2018 қалай өтті? - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

Burabike 2018 қалай өтті?

13 сен 2018 год

2018 жылғы 30 тамызда Щучье-Бурабай демалыс аймағында Болат Өтемұратов Қоры мен Rixos Borovoe ұйымдастырған Burabike қайырымдылық веложарысы өтті. 2018 Burabike көптеген көрсеткіштер бойынша рекордтық деңгейге жетті деуге болады. Биылғы жылы осы аталған іс-шараға 2300-ден астам адам тіркелді, оның ішінде 841 адам 30 километрлік велоқашықтықты жүріп өтті. Бүгінгі күні жиналған қаржы сомасы 205 миллион теңгеге жетті – демеушілік және тіркеу жарналары, қайырымдылық аукционы, жәрмеңке, жеке жәрдем көрсету.

Burabike – көпшілік спорт іс-шарасы, оның мақсаты Қазақстанның балалар ауруханаларын өмірлік қажеттілігі бар медициналық жабдықтармен жарақтандыру үшін қаражат жинау болып табылады. Алты жылдың ішінде Burabike қатысушылары мен қонақтары осы қайырымдылық шарасына 700 миллионға жуық теңге жұмсады. Бұл ретте осы жыл жиналған сома 205 миллион теңгені құрады.

Веложарысты Денис Тенді үнсіз еске алу сәтімен ашылып, Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедияұлы мен Astana Pro Teaм командасының Бас менеджері Александр Винокуров осы іс-шараны бастап берді.

«Мен кезекті Burabike іс-шарасына қатысқаныма қуаныштымын, оның үстіне бұған қатысушылардың саны жылдан-жылға өсіп келеді, өйткені оның бв\асты мақсаты – қайырмдылық. Astana Pro Teaм командасы үшін осы веложарысқа қатысу дәстүрге айналды,- дейді Александр Винокуров».

«Біз 2018 Burabike веложарысына тіркеуді мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болдық, өйткені бұған қатысуға тілек білдіргендердің бәрін тіркеуге іс жүзінде мүмкіншілігіміз болмады. Келесі жылы мұндай мүмкіндікті болдыруды қазірден бастап ойластырамыз. Burabike жыл өткен сайын көпшілікке танымал болып келеді және қайырымдылық шарасына тартылған қазақстандықтардың саны да арта түсуде,- дейді Burabike веложарысына дем беруші бизнесмен, меценат және қайырымдылық қорының ірге тасын қалаушы Болат Өтемұратұлы».

Веложарыс барысында қайырымдылық аукционы өткізіліп, онда 121 миллион теңге жиналды. Топтама ретінде мыналар сатылды:

  • 1. «Барыс» ХК формасы Брендон Боченскидің қойылған қолымен 3 миллион теңгеге сатылды.
  • 2. Қазақстанның заманауй суретшісі Лейла Махаттың «Таулар. Су. Индиго» суреті 5 миллион теңгеге сатылды.
  • 3. Геннадий Головкиннің қолы қойылған бокс қолғабы 6 миллион теңгеге сатылды.
  • 4. 2018 жылғы тамыз айында Испаниядағы Astana Pro Teaм жаттығу лагерінде үш күн болуға арналған сертификат 11 миллион теңгені құрады.
  • 5. Ракетка Новак Джоковичтің қойылған қолымен 11 миллион теңгеге сатылды.
  • 6. 2018 Burabike үшін арнайы Рафаэль Надальдың қолы қойылған ракетка 17 миллион теңгеге сатылды.
  • 7. Рафаэль Надальдың қолы қойылған жәдігерлік доп 2 миллион теңгеге бағаланды.
  • 8. Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтыңбелгілі кардиологы Юрий Иладимирович Пя сыйлаған сурет 6 миллион теңгеге сатылды. Суретті оған емделген әйел салған екен.
  • 9. Щойылған қолымен әйгілі футболшы Пеленің ретро-формасы 5 миллион теңгеге сатылды.
  • 10. Ресейдің Бас театрына эксклюзивті экскурсияға арналған сертификат 4 миллион теңгеге сатылды.
  • 11. Веложарысқа арналып ерекше дизаймен жасалған Techgym компаниясының эксклюзивті веложаттықпасы 4 миллион теңгеге бағаланды.
  • 12. Зарина Диястың қолы қойылған ракетка 2 миллион теңгеге сатылды.
  • 13. Тур Де Фанс түсіндегі Аргон велосипеді 25 миллион теңгеге сатылды.
  • 14. Батырхан Шөкеновтың қорынан келген «Отан Ана» Батыры альбомының айрықша винилді басылымы 10 миллион теңгеге сатылды
  • 15. «Асыл Мирас» аутизм орталығының балалары салған суреттер жинағы 10 миллион теңгеге сатылды./li>

Веложарыстан түскен қаражаттың бәріне Мерке ауданының (Жамбыл облысы) Орталық аудандық ауруханасы, Тимирязев орталық аудандық ауруханасы үшін (СҚО), Панфилов ауылындағы перзентхана үйіне және Алакөл орталық аудандық ауруханасы (Алматы облысы), Ақадыр қалашығындағы ауылдық ауруханасы (Қарағанды облысы) үшін өмірлік маңызды медициналық жабдық сатып алынады.

Әр жылдардан жиналған қаржы сомасы:

  • 2013 жылы – 11,5 млн теңге;
  • 2014 жылы – 87 млн теңге;
  • 2015 жылы – 105 млн теңге;
  • 2016 жылы – 100 млн теңге;
  • 2017 жылы – 168 млн теңге;
  • 2018 жылы – 205 млн теңге (аралық деректер).