01 Янв 1970 Қазақстанның моноқалаларын қалай құтқаруға болады? - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

Қазақстанның моноқалаларын қалай құтқаруға болады?

01 ноя 2018 год

«Верный Капитал» компаниялар тобы және Vласть интернет-журналы Expert Update сарапшы кездесуін өткізіп, онда Қазақстан өңірлерінің экономикалық дамуын талқылады. Кездесуге өкілдік, бизнес және зерттеу құрылымдарының өкілдері қатысты.

Сөз алған спикерлер: Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институты төрағасының орынбасары Бауыржан Мұқан, Стратегиялық бастамалар орталығының аға әріптесі Олжас Құдайбергенов, RG Gold кәсіпорнының бас директоры Серік Сыздықов. Кездесуде TALAP Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахим Ошақбаев модератор болды.

Үкіметтің қазіргі уақытта өңірлік даму туралы құжаттардың үлкен блогымен жұмыс жүргізуіне байланысты пікірталас өзекті болмақ. Билік пен бизнес үшін жаңа шешімдер іздеу жүруде, ірі қалаларды және моноқалаларды дамыту стратегиялары қайта қаралуда (2019 жылғы қыркүйекке қарай Президенттің тапсырмасы бойынша жаңасы әзірленеді). Тікелей инвестициялар қорын құру мәселесі пысықталуда.

Пікірталас барысында сарапшылар мына мәселелерді талқылады:

- таяу жылдары және ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанда өңірлік даму стратегиясы қандай болуы тиіс;
- өңірлерді дамытуда бизнестің рөлі қандай болуы тиіс;
- моноқалалардың проблемасын қалай шешуге болады;
- қалалардың жылдам өсуінен аумақтарды дамытуға деген тәсілдер өзгере ме және т.б.
- тікелей инвестициялардың жаңа мемлекеттік қорының перспективалары қандай;