01 Янв 1970 Кипрос және Add Capital компаниялары Верный Капитал компаниялар тобынан Talan Towers сауда галереясын сатып алды - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

Кипрос және Add Capital компаниялары Верный Капитал компаниялар тобынан Talan Towers сауда галереясын сатып алды

15 фев 2018 год

КИПРОС компаниялар тобы және ADD Capital компаниялар тобы Talan Towers жобасының девелопері «Верный капитал» компаниялар тобынан сауда галереясын сатып алу бойынша мәміленің аяқталғаны туралы жариялайды. Talan Towers көп мақсатты кешенінің бір бөлігі болып табылатын галерея жалпы жалға берілетін ауданы 8,000 шаршы метрді құрайтын үш қабатта орналасқан.

Елорданың жаңа көрікті жері Talan Towers Астанадағы тұңғыш люкс отель The Ritz-Carlton, Astana отелін, The Ritz-Carlton Residences апартаменттерін, А класының Talan Tower Offices бизнес-орталығын және ашылуы 2019 жылдың орта тұсына қарай көзделген сауда галереясын біріктіреді.

Галереяның зәкірлік жалгері ретінде Қазақстанның премиум-класс ритейл нарығындағы көшбасшы VILED Group мәлімделген. «Әлемдік брендтердің жетекші дистрибьюторының сауда галереясына келуімен біздің Talan Towers жобасының концепциялық толысуы тәмамдалды. Енді елордада бір шаңырақтың астында қонақжайлық пен ритейл саласының үздік өкілдерінің әлемдік өкілдері жиналды», деді «Верный капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов.

VILED Group бас директоры Айгуль Амиржанова Talan Towers сауда галереясы сервисті, айрықша сұрыпталым мен әдеттен тысқарылықты бағалайтын барша қауым үшін тартымды орталыққа айналатынын айтады. Галерея халықаралық деңгейдің қосымша шетелдік ойыншыларын тарту арқылы бұрыннан бар профильді толықтырып, Астанадағы люкс сегментінде әлемдің брендтердің тепкен орнын кеңейтуға көмектеседі.

VILED Group компаниялар тобы парфюмерия мен косметика саласында Қазақстанның 2 басты қаласын – Алматыны және Астананы, сондай-ақ Атырау мен Ақтөбені қамтиды. VILED Group Қазақстан нарығында Cartier, Van Cleef & Arpels, Graff, Tiffany&Co, Breguet, Harry Winston, Vacheron Constantin, de Grisogono, IWC, Bacarat секілді және басқа дүние жүзіне әйгілі брендтерден ресми түрде өкілдік етеді. VILED Group тобының fashion ритейл саласындағы негізгі бөлімшелерінің бірі Алматыдағы Saks Fifth Avenue – Нью-Йорктен бастау алған, 1898 жылдан бері жұмыс істейтін бірінші дәрежелі дүкендер желісі болып табылады. VILED Group 140-тан астам эксклюзивті халықаралық брендпен, соның ішінде Gucci, Dolce & Gabbana, Valentino, Brioni, Kiton, Lora Piano және басқа брендтермен жұмыс істейді. Басым бөлігі эксклюзивті негізде жұмыс істейтін әр бренд бутигінің экстерьері мен интерьері әлемдік стандарттарға сәйкес және «люкс» класының салондарын безендіру үрдістерін ескере отырып әзірленген.

«Talan Towers» халықаралық жасыл құрылыс стандарттарына сәйкес және алдыңғы қатарлы материалдар мен технологияларды қолдану арқылы жобаланып, тұрғызылған. Жобаның инвесторы – «Верный капитал» компаниялар тобы – Қазақстандағы тікелей инвестициялар саласындағы ең ірі топтардың бірі. Қазақстанда және басқа ТМД елдерінде жекеменшік иеленушілерден компаниялардағы миноритарлық үлестердің бақылаушы немесе елеулі бөлігін сатып ала отырып, топ оларды стратегиялық және операциялық басқаруға белсене қатысады.