01 Янв 1970 RG Gold компаниясы өндірістік қуаттылықтарын бір жарым есе ұлғайтты - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

RG Gold компаниясы өндірістік қуаттылықтарын бір жарым есе ұлғайтты

22 июн 2018 год

2018 жылдың көктемінде компания Ақмола облысындағы Южный және Северный Райгородок кен орындарындағы үшінші ұсатқыш-агломерациялық кешенді іске қосты. № 3 ҰАК пен екінші гидрометаллургия цехын (№ 2 ГМЦ) іске қосу руда өңдеудің жылдық көлемін 1,3 миллион тоннадан 2 миллион тонна рудаға дейін өсіруге және жылына 45-50 тыс. унция (1.5 тонна) алтын өндіруге мүмкіндік береді. 2017-2018 жылдарға өндірісті кеңейтуге инвестициялар 6.7 миллион АҚШ долларын құрады, 140 қосымша жұмыс орны құрылды.

«Асыл металдың небәрі бір грамын өндіру үшін, бір тоннадан астам руданы қайта өңдеу керек. Бірақ, бір жақсы жағы бар – кен орнындағы руда технологиялық, одан алтын алған оңай. Біз қарапайым әрі арзан үймелік сілтісіздендіру әдісін қолданамыз. Зиянды және сілтісіздендіруді қиындататын қоспалардың жоқтығының арқасында, RG Gold алтын шығарудың 80%-дан астам жоғары коэффициентіне қол жеткізудің сәті түседі», – дейді Серік Сыздықов, «RG Gold» ЖШС Бас директоры.

Өндірумен және тотықтандырылған рудаларды қайта өңдеумен қатар, компания кен орындарының төменгі горизонттарында шоғырланған бастапқы рудаларды қайта өңдеу үшін алтын шығарып алу фабрикасының құрылысын жобалауда. Алдын ала нәтижелер лабораториялық және жартылай өнеркәсіптік жағдайларда 85%-дан астам алтын шығарып алу коэффициентін көрсетті.

Алтын шығарып алу фабрикасы тікелей циандау, немесе «күбіде сілтісіздендіру» деп аталатын технология бойынша тұрғызылатын болады. Қайта өңдеу қуаттылығы жылына 6 миллион тонна рудаға дейін құрайды, бұл жылына шамамен 160 мың унция алтын өндіруге мүмкіндік береді және 1000 қосымша жұмыс орнын құрады. Фабриканың құрылысына инвестициялардың көлемі 250-300 миллион доллар мөлшерінде болады деп күтілуде. Құрылысты аяқтау және іске пайдалануға енгізу 2021-22 жылдарға жоспарланып отыр.

«Верный Капитал» Компаниялар тобының Бас директорының Инвестициялар жөніндегі орынбасары Даврон Рустамкулов: «ҰАК мерзімінде және бөлінген бюджеттің шектерінде тұрғызылды. Сонымен қатар, серіктестік жаңа инфрақұрылым объектілерін табысты тұрғызды. Оған қоса бастапқы рудаларды қайта өңдеу бойынша алтын шығарып алу фабрикасын жобалау бойынша жұмыс қарқынды жүруде. Ағымдағы өндірісті кеңейтуде алынған тәжірибе жаңа жобаның табыстылығына сеніммен қарауға мүмкіндік береді».

RG Gold 2014 –2017 жылдардағы кезеңде геологиялық барлау жұмыстарына 12 миллион доллардан астам инвестициялар жасады. Австралиялық АМС компаниясы 2017 жылдың мамырында аяқталған қосымша бұрғылауды ескере отырып, ресурстарды бағалады. Ресурстар 6 миллион унцияға дейін ұлғайды. Компания келісімшарттық аумақта геологиялық барлау және іздеу жұмыстарын жалғастыруға ниетті және геологиялық барлау жұмыстарының жаңа бағдарламасын әзірлеп қойды.