01 Янв 1970 Біреулерге жеңілдіктер басқаларының бизнесін құртады - Оспанов - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

Біреулерге жеңілдіктер басқаларының бизнесін құртады - Оспанов

03 апр 2018 год

Шенеуніктердің инвестициялық климатты жақсарту бойынша жұмысы жемісін әкеледі мен және Салық кодексіндегі өзгерістер бизнеске көмектесті ме? Осы туралы LS корреспондентімен сұхбатта "Верный Капитал" инвестициялық компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов әңгімеледі.

– Үкімет соңғы кездері инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған шаралар туралы жиі айтуда. Инвесторлар қабылданып жатқан шаралардың әсерін іс жүзінде сезеді ме?

– Бұл жайында көп айтылуда, бірақ қабылданатын іс-әрекеттердің ол мәлімдемелерге қайшы келетіні де болады. Мысалы, қант импорты бойынша жеңілдіктер төмен технологиялы бизнесті қолдайды, бірақ тап сол жүгеріні немесе бидайды өңдеу бойынша анағұрлым технологиялық бизнестің дамуына мүмкіндік бермейді. Бұл, әрине, жеке дара нәрсе, бірақ бизнесте бәрі де жеке дара. Жалпыны қамтып, "қане, осылай істейік" деп, құлашты кең сермеп айтуға болмайды. Инвесторға анық әрі ашық ойын ережелері, үкіметтің болжамды және дәйекті іс-әрекеттері қажет. Ал бізде біреулерге жеңілдіктер басқаларының бизнесін құртады. Немесе, Салық кодексін мысалға алайық: екіұдайлы түсіндірілуінен сақтану үшін, оның негізіне айқындық принципі алынуға тиіс. Ал бізде, егер сен салық қызметшісіне түсіндіруді сұрап жүгінсеңі, "міне былай түсініледі" - дейді, бірақ ол үшін ешкім жауапкершілік көтермейді. Бизнес үшін тек тұрақтылық қана емес, сонымен қатар айқындық та жоқ. Ал батыста "advance tax ruling" практикасы қолданылады. Бұл заң күшіне ие салықтық қорытынды. Ол орындау үшін міндетті және оны ешкім де даулай алмайды. Осылай еуропалық елдерде мемлекет бизнес үшін ертеңгі күнге сенімділік ұялатады және компанияларға алаңсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

– Жаңа кодекспен айқындық көбеймеді ме?

– Өзіңіз Салық кодексін қараңыз, онда бұрыннан көп сілтемелер пайда болған. Тұрлаусыздық азаймады, тіпті біраз тұстарда көбейді де. Және мәлімделген даулы мәселелер салық төлеушінің пайдасына түсіндірілетін болатыны туралы принциптің де сондай-ақ күтпеген тосқауылдары бар. Ең алдымен, екіұдайлы түсінік орын алатынын дәлелдеу керек. Бұл проблеманың шешімі емес.

– Бизнеске мемлекеттің тарапынан қандай жәрдем неғұрлым тиімді болар еді?

– Ең бастысы, бөгет жасамау.

– Сіз қалай ойлайсыз, бизнес ел экономикасын мұнайға кіріптарлықтан арылтуға дайын ба?

– Мен Қазақстан үшін жүктер мен жолаушылар транзитінде, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуда зор әлеуетті көремін. Одан басқа, өсу үшін көптеген басқа салалар бар. Оны қалай іске керек, бұл басқа мәселе.

– Өнеркәсіптің қандай салалары экономикалық драйверлер болуы мүмкін? Сіз, инвестор ретінде, қандай салаларға қаражат салуға көбірек ынталы болар едіңіз?

– Инвестор тек индустрияға немесе өнеркәсіптік салаға қарамайды. Жақсы мүмкіншіліктер барлық жерлерде бар, мұнда көбісі мемлекет тарапынан реттеудің инвестициялық жобаны сәтті іске асыруға қаншалықты бөгет жасайтынына немесе болысатына байланысты.

– Не нәрсеге назар аудару керек?

– Инвестициялық мүмкіншілік нарықта оның құнының ұлғаю әлеуеті жете бағаланбаған компания пайда болған уақытта орын алады. Тура инвестициялармен айналысатындар нақты, жекеше жағдаяттарға қарайды. Бірақ, егер қоржындық инвесторлардың позицияларынан айтатын болсақ, онда, бірсыңайлы, цифрлық технологиялар перспективті. Ғалами масштабта барлық digital-компаниялар қазір қарқынды дамуда. Ал Қазақстанда негізінен, электронды сауда алаңшалары өседі. Және әлемдік ойыншылармен бәсекеге түсу оларға өте ауыр.

Дереккөз: https://lsm.kz/chinovniki-ne-meshajte-biznesu-rabotat--investory