01 Янв 1970 Давос 2018 форумындағы белгілі бір тұрлаусыздық - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

Давос 2018 форумындағы белгілі бір тұрлаусыздық

18 май 2018 год

Инвестициялық бизнес онсыз да оппортунистік, оның үстіне мына жаңа технологиялар қосылады. Ағылшын тілінде Shortism деген термин бар. Ол тұтас сөйлемдерді қысқарттылған слэнгтік сөздермен жазу әдісін білдіреді. Әдетте оны геймерлер пайдаланады.

Жыл сайын мен өз қызметкерлеріме келесі жылға және жақын арадағы 5 жылға жоспарлар туралы айтамын. Өткен жылдың желтоқсанында менде жоспарлар туралы анық айтатындай ештеңе болмады, сондықтан мен басқасына зейін қойдыи. Мен Белгілі бір Тұрлаусыздық дәуіріне аяқ бастық дедім.

Технологиялардың жылдам дамитыны сонша, бизнес ландшафтты өзгертетін маңызды оқиғалар соншалықты жиі орын алады да, тіпті жарты жылға да жоспарлау барған сайын қиынға түсуде. Инвестициялық бизнес онсыз да оппортунистік, оның үстіне мына жаңа технологиялар қосылады...

Маған анығы – біздің болашақ цифрлық нақтылығымыз. Цифрдың толық әрі жылдам бойлайтыны соншалық (бойлап қойды да), біз оның өміріміздің басым бөлігін жаулап алғанын байқамай қаламыз. Бірақ нақты не орын алады және қандай безбенделген қадамдар жасау керек - түсініксіз.

Көп деректер, жасанды интеллект, машинамен оқыту, роботтар – жақын арадағы 5 жылға мен өзіміз үшін міне осындай жоспарларды бейнеледім. Маймен, бірақ бояуды өте ірілеп түсіру арқылы салынған сурет. Осыған байланысты, мен әріптестерімнің алдына жоспарлауды емес, өз тұлғалық құзыреттіліктерін, бізге жылдам құбылатын әлемде бейімделуге көмектесетіннің барлығын дамытуды міндет етіп қойдым. Оқу, оқу және оқу.

«Цифр» туралы идеялардың әсерінен, мен Давос 2018 форумын қадағалай бастадым. Биылғы жылы онда қақ айырылған Дүниедегі бірлескен болашақ туралы айтуға уәде берген еді. Іс жүзінде, ағымдағы Форумның тақырыптамасының 95%-ы - Digital. Жетекші скрипкаларды бұл жолы әйелдер: форумның барлық қосарлас төрайымдары — ХВҚ билік етуші директоры Кристин Лагард, IBM бас директоры Джинни Рометти, сондай-ақ Норвегияның премьер-министрі Эрна Сульберг өз қолдарына алғаны қызық.

Табиғи ресурстар мен капиталдардың жетіспеушілігі, жұмыс күшінің артықшылығы туралы сөздерді естіп отырмын. Әрі мұның бәрі роботехника мен жасанды интеллекттің даму перспективаларының аясында. Әлдекімдер жаңа клиенттер тартуға арналған маркетингтік айла ретінде блокчейнді кезекті рет пайдалануда. Міне ол! Shortism! Бұл термин Давоста басқа – өте тез қысқарып бара жатқан оңтайлы экономикалық болжамдар көкжиегі мағынасында айтылды.