01 Янв 1970 Нархоз Университетінің сыбайлас жемқорлықпен күрес тәжірибесі Қазақстанда таратылуда - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

Нархоз Университетінің сыбайлас жемқорлықпен күрес тәжірибесі Қазақстанда таратылуда

07 ноя 2018 год

Алик Шпекбаев мәлімдегендей, егер басшы қарамағындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты өзі анықтаса, жауаптылыққа тартылмайды.

Нархоз Университетінің сыбайлас жемқорлықпен күрес тәжірибесі Қазақстанның мемлекеттік органдарына және университеттеріне таратылып жатқанын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ведомство алқасының отырысында хабарлады.

«Президент бірінші басшылардың олар тағайындаған адамдар тарапынан сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігін енгізу туралы біздің бастамамызды қолдады. Тиімді құрал – алдын алу болып табылатынына сенімдімін. Біздің ұстанымыз барынша анық: егер басшының өзі сыбайлас жемқорлық дерегін анықтап, оларды болдырмау және бұлтартпау бойынша жан-жақты шаралар қабылдаса, бұл оған қатысты ешқандай тәртіптік салдарға алып келмейді, яғни бірінші басшы анықтауға және алдын алуға мүдделі болады», - деді Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, Алматыдағы Нархоз университеті ректорының тәжірибесін агенттік көптеген жоғары оқу орындарына таратуда.

«Егер басшының өзі немесе оның көмекшілері сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарласа, онда, сәйкесінше, басшыға қатысты жазалау немесе жауаптылыққа тарту мәселесі қарастырылмайды. Бірақ егер осындай деректерді құзыретті органдар анықтап, олар жүйелі сипатта болса, онда жауапкершілікті бірінші басшы көтереді. Дербес жауапкершілік механизмін іргелі түрде пысықтау және Президент Әкімшілігіне тиісінше ұсыныстар енгізу қажет», - деп қорытты ведомство басшысы.

2016 жылғы желтоқсанда бүгінде Нархоздың бұрынғы ректоры кей жоғары оқу орындарына ақша миллиардтап түскенімен, пайда жоқтығын айтқан болатын.

«Парамен оқуға түсуге болатын жоғары оқу орны беделді саналмауы тиіс. Дүние жүзінде бұған ұқсас мысал жоқ. Мен Нарзозда сыбайлас жемқорлықты толық жойғаныма бақыттымын», - деп әңгімеледі сол сәтте Кшиштоф Рыбиньски.