01 Янв 1970 АХҚО ашылды - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

АХҚО ашылды

12 июл 2018 год

Бірнеше жыл бұрын маған осы тақырыпта сұрақ қойылды. Мен ол кезде бұл өте оңай емес шаруа және менде екі сұраққа жауап жоқ деп жауап бердім.

Қазақстанның аумағында ағылшын құқығы қалай қолданылады? Конституция бойынша, біздің аумағымызда тек қазақстандық құқық қолданылады.

Және егер ол қалай да қолданылатын болса, ағылшын құқығы бойынша әділ сот қалай іске асырылады?

Қор нарығының ең басты қағидаты – миноритарлық акционерлердің мүдделерін қорғау. Қор нарығы тура солар үшін құрылған. Ол кез келген жария компанияның ең болмағанда бір акциясын сатып алғысы келетіндер үшін құрылды. Жария компанияларда заңгерлер компанияның емес, миноритарлық акционерлердің мүдделерін қорғайды. Бұл заң. Егер менеджмент өзінің іс-әрекеттерін азшылықтың мүдделерінен бөлек жасаса, онда жаңа бір ғана акцияны ұстаушы сотқа шағымдана алады және сот істі қарастыратын болады. Сол себептен жария компаниялар баршасы үшін ашық. Жеке компаниялардан бір өзгешелігі, олар өздерінің қаржылық есептілігін жариялайды және миноритарийлердің мүдделерін қозғайтын басшылықтың кез келген шешімдері туралы есеп береді. Өркениетті қор нарықтарының БАРЛЫҒЫ осылай жұмыс істейді. Бұл жария тыңдау секілді. Мұнда да негізінде инвесторлар оған сенім артатын заңнама жатыр.

Шетелдік ойыншылар біздің құқық пен біздің сот жүйемізді білмейді және оларға сенбейді. Бұл оларға бейтаныс. Әрі бұл қалыпты нәрсе. Барлық M&A мәмілелерді біз румын немесе вьетнам құқығы бойынша емес, ағылшын құқығы бойынша жасаймыз. Мұны біздің контрагенттеріміздің бәрі талап етеді. Біріктіру мен жұтудың бүкіл әлемдік нарығы негізінен ағылшын заңдары бойынша жұмыс істейді. Қор алаңшалары – ағылшындық, нью-йорктік, Гонконг...

Бір жыл бұрын мен ел Конституциясына арнайы өзгерістер енгізілгенін және АХҚО жұмыс істеуі үшін Астанаға ағылшын судьяларының тұтас бір корпусын әкелгенін білдім. Сонда менде бұл табысты шаруа болар деген үміт оянды.

Бізде сол іспетті бірнәрсе құруға бұрынғы талпыныстардан негізгі өзгешелігі – ағылшын құқығы, ол халықаралық ойыншыларды алып келіп үлгерді. Мен өзім де орталықта қаржылық қызметтер жөніндегі компания ашу туралы ойлап жүрмін.

Бүгін АХҚО ашылды.

Күмәні болу және сенбеу – екі бөлек нәрсе. Менің АХҚО қатысты күмәндарым бар және мен оларды басуға тырысамын. Ол үшін сұрақтар қоямын және оларға жауаптар табамын. Күмән әрдайым болады. Бұл кез келген инвестор үшін қалыпты нәрсе.

Мен сенемін бе? Сенгім келеді. Сенбеу және оны көрсету бәрінен оңай. Ұтылмайтын ұстаным.

Қолдаймын ба? Әлбетте қолдаймын. Және бәрінің оң болғанын өте қалаймын.