01 Янв 1970 Заттар Интернеті қолданылған алғашқы есептегіштер орнатылды - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

Заттар Интернеті қолданылған алғашқы есептегіштер орнатылды

12 июл 2018 год

Заттар Интернеті (Internet of Things, IoT) саласындағы шығындар бүкіл әлемде 2018 жылы 14,6%-ға – 772,5 млрд. долларға дейін өседі деп есептеді IDC талдаушылары. Олардың ішінен тек 62 млрд. доллар (8%) жаппай нарықтағы пайдаланушылардың шығындарын құрайды. Негізгі толқын «индустриялық» IoT саласына келеді.

Бәрінен көбірек өнеркәсіп саласы жұмсайды (189 млрд. доллар), онда назар өнеркәсіптік операцияларды қолдайтын және өндірістік активтерді басқаратын шешімдерге шоғырланады. Көлік компаниялары IoT саласына 85 млрд. доллар жұмсап, оның үштен екісі жүктер мониторингі бойынша шешімдерге бағытталады. Шығындардың басқа бабы көлік құралдары паркын мониторингтеу болады.

Ақырында, шамасы бойынша үшінші орынға коммуналдық сала жайғасады, ол IoT-ға 73 млрд. доллар жұмсайды. Негізінен, бұл шығындар ақылды желілерге жұмсалады – электр, су өткізгіш және газ желілеріне. Бұған қоса 92 млрд. доллар ақылды ғимараттар немесе қосылған автомобильдер тәрізді салааралық шешімдерге жұмсалады.

Қазақстанда IoT нарығының инфрақұрылымын салу перспективалары туралы abctv.kz-ке Beeline компанияның корпоративтік сатулар жөніндегі директоры Рауан Кабдрахимов әңгімелейді.

– IoT көмегімен өндіріс тиімділігін қандай тәсілмен арттыруға немесе шығындарды азайтуға болады?

– Заттар Интернетінің бизнес үшін артықшылығы тұтынушылар мен тауарлар туралы ақпаратты жаһандық жинақтаудан тұрады. Мысалы, қазір біз дүкендерге арналған тоңазытқыштар өндірумен айналысатын компаниямен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Болашақта IoT кіріктірілген желісі бар тоңазытқыштар сатып алушы компанияларға тоңазытқышты ашулар саны туралы ақпарат жинауға, қатыру температурасын мониторингтеуге, сондай-ақ тоңазытқыш ішінде белгілі бір тауарлардың болуы немесе болмауы туралы ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді. Тауарлардың қозғалысын қадағалау мүмкіндігі сатулар санына оң әсер етеді. NB-IoT стандартына келер болсақ, бұл желілер үшін жоғары өткізгіштік қабілет пен энергияны төмен тұтыну тән.

– Өткен жылы Beeline «ақылды қала» сериясынан Заттар Интернеті үшін NB-IoT тестілік сынақтарын өткізугі жоспарлаған болатын (газ, электр энергиясы, ыстық және салқын су есептегіштерінен серверге деректерді беру). Сынақтар қай қалада өтті және олардың нәтижелері қандай?

– Өткен жылғы желтоқсанда біз өз жүйемізді Қостанай қаласында тесттен өткіздік, бүгінгі күнгі нәтижелерге сүйене отырып, осы қалада қажетті желі іске қосылып, IoT енгізілген алғашқы есептегіштер орнатылды.

– ТҮКШ кәсіпорындары сіздердің құрылғыларыңызға қызығушылық білдіре ме?

– Біз «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясымен «ақылды есептегіштер» пилоты туралы шарт жасастық. Жақында Қостанай қаласының жеке үйлерінде аспаптарды орната бастаймыз. Бірінші кезеңде 100 нысанды қосу жоспарланып отыр. Жүйені енгізгеннен кейін бақылаушыларға үйлерді аралау қажет емес. Есептеулер мен шығындарды да қадағалау оңайға түседі, себебі оларды адами факторды жоққа шығаратын электронды жүйе тіркейді. Және ең бастысы – қауіпсіздік. Апатты жағдай туындаған жағдайда, датчик өзгерістерді тіркеп, деректерді жедел түрде басқарушы компанияға береді. Қоснанай қаласында сәтті пилоттағаннан кейін өз технологияларымызды басқа өңірлерде де енгізе бастаймыз.

– Осындай құрылғыларды енгізу тарифтерге әсер етпей ме?

– Заттар Интернеті негізгі станцияны, құрылғыны желіге қосуға арналған радиомодульді, есептегіштер ақпаратты жинауға және беруге арналған бақылау контроллерлерді орнатуды көздейді. Сонымен бірге су, газ, электр энергиясының шығындары айтарлықтай қысқарып, сол арқылы пайда көбейе түседі. Осы үнемдеу есебінен есептегіштер өз шығынын өтейді. Тарифтерге ықпал есептегіштерді қандай орнату схемасының пайдаланылғанына байланысты болады, ал қазір бұл – талқыланып жатқан мәселе.

– Қазіргі таңда «Қазақтелеком» компаниясының Kcell акцияларын сатып алуы туралы сөз болуда. Бірікккен компания осы нарықта қуатты бәсекелеске айналады деп есептейсіз бе?

– Сөзсіз, олар бізге бәсекелестік туғызады. Және біз Kcell, «Қазақтелеком» және Tele2 компанияларының осы бағытта дамығанын өте қалаймыз. Себебі бірлескен жұмыс нарықты жылдамырақ «қозғауға» көмектеседі, ал бұл нарықта орын барлығына да жетеді.

– Машинааралық өзара әрекеттесу саласында Заттар Интернетін енгізу бесінші буын байланысынсыз мүмкін емес. Сіздің компанияңыз 5G байланысын коммерциялық пайдалануға ниетті ме?

– Бесінші буын желілері бізде пайда болатыны сөзсіз. Мәселе уақытқа ғана қатысты. Қазір, төртінші буын желілері бойынша Tele2 компаниясымен жарыса отырып, біз екі жыл ішінде Қазақстанның барлық қалаларын қамтып үлгердің. Tele2 4G желілерін бізден бұрын іске қосты, себебі алғашқылардың бірі болып лицензия алды. Абонеттік құрылғылар тұрғысынан 4G ең жоғары енулерінің бірі - бізде. Осының барлығы жаңа байланыс деңгейіне өтуге жәрдемдеседі.

Дереккөз: https://abctv.kz/ru/news/%C2%ABpervye-schetchiki-s-ispolzovaniem-interneta-veshej-uzhe-ustanovleny%C2%BB