01 Янв 1970 «31-арна» ТРК – TKT Awards International 2018 лауреаты. - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

«31-арна» ТРК – TKT Awards International 2018 лауреаты.

07 ноя 2018 год

Марапаттау рәсімі 15 қыркүйекте Амстердамда IBC аясында өтті.

DIAS, Acis Distirbution, Polymedia бірлескен тобы әзірлеген «31-арна» ТРК «Ақпараттық бюро» жаңа студиясы» жобасы TKT Awards International – 2018 халықаралық сыйлығының Қазақстандағы «Жыл жобасы» номинациясында жеңімпаз атанды. Ал «31-арна» ТРК техникалық директоры Сергей Пронченко Қазақстанда «Жыл адамы» номинациясында шорт-параққа енді.

Дәстүрлі түрде сыйлық 15 ел бойынша тапсырылып, әрқайсысында әділ қазылар алқасы үздіктерді ерекшеледі.

«Мысалы, ТКТ («Техника кино и телевидения») журналы құрылтайшы болып келетін TKT Awards International сыйлығына 15 елден жобалар мен бағдарламалық директорлар талаптанды. Біз осы құрамға кірдік. Біз үшін, «31-арна» үшін, осы халықаралық оқиғаның қатысушысы болу – үлкен мәртебе. Бүгінде «31-арна» ел шегінен тыс «Ақпарттық бюро» жаңа студиясында өзінің үздік жобасын ұсынды, бұл тек заманауи технологиялардың ғана емес, сондай-ақ жалпы медиа-нарықта негізгі драйвер болып келетінімізді білдіреді», - деп атап өтті «31-арна» ТРК бас директоры Бағдат Қожахметов.

Айта кету қажет, бүгінгі күні «31-арна» жаңалықтар өнімдеріне деген байсалды қызығушылықтан және жеке өндірістен бастап технологиялық қоғамдастық тарапынан еңбегін нақты мойындауға дейінгі ұзақ жолдан өтті, оның кезекті дәлелі TKT Awards International – 2018 сыйлығы болды. «31-арна» ұжымын осы жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз!

«Біз студиямызды цифрлық және автоматтандырылған форматтарға ауыстырдық. «31-арна» ARRI Lighting компаниясы жеткізетін бірегей жабдық базасында жұмыс істейтін жанды студия ұстанымына негізделген бағдарламалық-аппараттық кешен құра білгенін зор мақтанышпен айта аламын. Біздің жаңартылған жобамыз – «Ақпараттық бюро» студиясы телекомпанияның технологиялық процесіне толық үйлесіп, қол режимінде, сондай-ақ автоматтандырылған режимде жұмыс істей алады. Бұл - бүкіл Қазақстанда осындай форматтағы жалғыз телестудия», - деп атап өтті «Ақпараттық бюро» жаңа студиясы жобасының жетекшісі және «31-арна» ТРК техникалық директоры Сергей Пронченко