01 Янв 1970 Нархоз университетінде жағдайы төмен отбасыдан шыққан жастар үшін шығармашылық орталық ашылды - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

Нархоз университетінде жағдайы төмен отбасыдан шыққан жастар үшін шығармашылық орталық ашылды

21 ноя 2018 год

Алматы қаласында Нархоз университетінің жанында жетімдер мен жағдайы төмен отбасыдан шыққан жастар үшін We Art шығармашылық орталығы ашылды. Жобаны бизнесмен Болат Өтемұратовтың қоры қолдады және оған 21 млн. теңге көлемінде грант бөлді.

WeArt – бұл халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан шыққан жастардың креативтік әлеуетін дамытуға арналған алаң. Шығармашылық кеңістік дарынды жастардың тек ұстаханасы ғана болып қоймай, сондай-ақ бәсекелестік ортаға бейімделу үшін жәрдемдеседі.

Орталықтың қызметкерлері мен менторлары дарынды жастарды іріктеумен, оларды тегін оқытумен және жұмыспен қамтумен айналысады.

"Жобаның мақсаты – балалар үйінің барынша көп түлектері шығармашылық білім, кәсіп алып, сондай-ақ өз дарындарын іске асыра алуы үшін ата-анасының қамқорысыз қалған немесе күрделі қаржылық жағдайға тап болған талапкер жастардың білім алуы үшін тең мүмкіндіктер беру", – деп Нархоз университетінің стратегиялық даму жөніндегі проректоры Виктория Цай баяндады.

Орталықта 17 жастан 23 жасқа дейінгі жастар білім алады. Оқу үш ай бойы жалғасады және үш сатыда өтеді. Бірінші сатыда орталық қызметкерлері және кәсіби психологтар студенттерге жеке және креативті дағдыларды дамытуға жәрдемдеседі. Екінші және үшінші саты техникалық және кәсіби дағдыларға үйренуге, сондай-ақ тағылымдамадан өтуге арналған.

Студенттердің бірінші тобы Digital & filmmaking бағдарламасы бойынша білім алады. Курстың оқытушылары – кәсіби режиссерлар, сценаристтер, New York Film Academy түлектері Диас Азимжанов және Жанель Сариева. Оқушыларда "диджитал маркетинг" бағдарламасы бойынша курс өтеді. Орталықтаң жоспарында аспаздық іс, өнеркәсіптік дизайн және басқа да мамандықтар бойынша бағдарламалар ашу.

"WeArt-қа Болат Өтемұратовтың қоры 21 млн. теңге көлемінде грант бөлді. Бұл жағдайы төмен, көп балалы отбасыдан шыққан жастарға, жетімдерге және балалар үйінің тәрбиеленушілеріне үлкен үміт ұялататын жоба. Осындай жастар үшін бұл тек өзекті кәсіби дағдылар алып қана қоймай, олардың көпшілігіне жетіспеуі мүмкін жеке қасиеттерді иеленуге жақсы мүмкіндік", – деп Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов баяндады.

Орталықтың әлеуметтік жұмыскері Гуля Жакупованың айтуы бойынша, Қазақстанда жастар арасында жұмыспен қамтылмағандар саны артты. 84 мың адам жұмысқа орналаспаған. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректеріне сәйкес жұмыспен қамтылмағандардың көбі Алматыда – 16,2 мың жас адам, бұл Қазақстан бойынша 15-тен 28-ге дейінгі жас аралығындағы бүкіл жұмыспен қамтылмаған халықтың 19,3%-ы.

"Жұмыссыздық деңгейінің бұл көрсеткіші қазақстандық жастар арасында қылмыстылықтың өсуін түсіндіреді. Жұмыспен қамтылу мүмкіндігін көрмейтін және өмірге әлеуметтік тұрғыдан бейімделмеген жасөспірімдер қылмыстылық жолына түседі. Әлеуетті дарынды балалар даму мүмкіндіктерінің болмауына байланысты қоғам үшін шет қалуы мүмкін", – деп есептейді Виктория Цай.

Болат Өтемұратовтың қоры 2014 жылдың басында құрылды. Қордың миссиясы — денсаулық сақтаудың, білім берудің және мәдениеттің дамуына жәрдемдесе отырып, адамдардың өмірі үшін бүгін және болашақта Қазақстанның жақсы жерге айналуына көмектесу. WeArt шығармашылық орталығы мына мекенжай бойынша орналасқан: Алматы, Нархоз Университеті, Жандосов көшесі, 55/4.