01 Янв 1970 BuraBike-2018 веложарысы – Бурабайда демалып келуге тамаша себеп - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

BuraBike-2018 веложарысы – Бурабайда демалып келуге тамаша себеп

04 июл 2018 год

Бұл қандай шара?
Жыл сайын ұйымдастырылатын Burabike веложарысы 2013 жылдан бері, балаларға көмек көрсетуге қажетті қаражат жинау мақсатында өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылар: Rixos Borovoe қонақүйі мен Болат Өтемұратовтың Қайырымдылық қоры. Шара аясындағы негізгі оқиға – Шортанкөл көлінен Бурабайға дейін және кері қарай, ұзақтығы 30 км құрайтын веложарыс. Веложарыстан бөлек, Rixos Borovoe қонақүйі аумағында пикник, қайырымдылық жәрмеңкесі, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы, Григорий Лепстің қатысуымен өтетін концерт және гала-кешкі ас ұйымдастырылады.

Қатысу құны қанша және бұл ақша қайда жұмсалады?
Веложарысқа қатысу жарнасы 5000 теңгені құрайды (31 шілдеге дейін тіркелсе, 3500 теңге), барлық қаражат балаларға арналған медициналық мекемелер мен оңалту орталықтарына жабдықтар сатып алуға, сондай-ақ балалар үйін көлікпен, жиһаз және ойын алаңдарымен жабдықтауға жұмсалады.

Аталмыщ жара жыл өткен сайын танымалдылыққа ие болып келе жатыр: 2013 жылы қатысушылар саны 130 адамды ғана құраса, 2017 жарысқа қатысушылар саны 1085 адамға жетті. Жиналған қаржы 11,5 млн-нан 168 млн теңгеге дейін өсті. Алты жыл ішінде 470 млн теңгеден аса қаржы жиналды, бұл – бірлескен және жекелей аударылған жарналар, аукциондар мен меценаттардың қайырымдылық жарналарынан құралған қаржы.

Қатысу үшін не істеу керек?
Веложарысқа қатысу үшін, сайтта тіркеліп, қатысу жарнасын төлеп, старт орнына 10:00-ге дейін келу керек (көрсетілген уақыттан кейін жолдар жабылады). Веловипедті өзіңізбен бірге алып келсеңіз немесе сол жерде жалға алсаңыз болады. Ұйымдастырушылар Астанадан келетін веловипеді бар қатысушылар үшін тегін трансфер ұсынады. Веложарыс 11:00-де басталады, ал кешкі бағдарлама 19:00-де басталады.

Қатысу құны қанша және бұл ақша қайда жұмсалады?
Веложарысқа қатысу жарнасы 5000 теңгені құрайды (31 шілдеге дейін тіркелсе, 3500 теңге), барлық қаражат балаларға арналған медициналық мекемелер мен оңалту орталықтарына жабдықтар сатып алуға, сондай-ақ балалар үйін көлікпен, жиһаз және ойын алаңдарымен жабдықтауға жұмсалады.

Дереккөз: http://gagarin.tm/article/sport/1167-veloprobeg-burabike-2018-kak-povod-otdokhnut-v-borovom/