01 Янв 1970 «Верный Капитал» WOW!HR HR-сыйлығының лауреаты атанды - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

«Верный Капитал» WOW!HR HR-сыйлығының лауреаты атанды

13 ноя 2018 год

«Верный Капитал» WOW!HR халықаралық бизнес-байқауына қатысып, «Коммуникациялар жүйесінің трансформациясы: көшбасшылардың табиғи даму ортасы» жобасы үшін HR HERO номинациясында жеңімпаз атанды. Номинацияға екі және одан көп құралдардың көмегімен бизнес-тапсырмалардың шешімін көрсететін жобалар қатысты.

«Цифрлық экономика заманында, бизнес-процестер адамның қатысуынсыз өтуі мүмкін уақытта, біз үшін «Верный Капитал» компаниялар тобының құндылықтарын, яғни кәсібилік, нәтижелілік, көшбасшылық, сенім және сыйластық, әдептілікті бөлісетін адамдармен ынтымақтастық орнату аса маңызды» - дейді «Верный Капитал» компаниясының персонал бойынша басқарушы директоры Яна Ким.

«Верный Капитал» тобы экономиканың әр түрлі саласындағы шамамен 20 компанияларды қамтиды, сондықтан жобаның мақсаты әр қызметкердің қосқан үлесін атап өтіп, топтарды нығайту және холдинг пен компаниялардың өз ішінде әр түрлі ұйымдастыру деңгейлеріндегі байланысты күшейту болды.

Топтың барлық компаниялары бір қызметкерді ұсынды және «Компанияның құндылықтары арқылы жетістіктерге жету» тақырыбында бейне ролик түсіріп, оны арнайы құрылған сайтта ашық дауыс беру қызметімен орналастырды. 17 байқауға қатысушылардың ішінен үш финалға қатысушылар анықталып, олар жыл сайынғы «Көшбасшылар форумы» корпоративтік шарасына қатысты. Ақтық дауыс беру үшін, жетістіктер туралы оқиғалар форматындағы роликтер түсірілді. Нәтижесінде, 100-ден артық басқарушы қызметкерлер, «Көшбасшылар форумына» қатысушылар өздеріне ұнаған қызметкер үшін дауыс берді.

«Ең қиыны – бізде әртараптандырылған активтер портфелі екендігінде. Индустрия тұрғысынан әр түрлі болып көрінетін мұндай компанияларды не біріктіруі мүмкін. Жауап бірден табылды – ол қызметкерлер, нақтырақ айтсақ, компаниядағы қызметкерлердің құндылығы. Біз компанияның тиімділігі оның қызметкерлерінің кәсібилігіне ғана байланысты емес екендігін түсінеміз. Қызметкерлердің компанияның корпоративтік құндылықтарын қаншалықты бөлісетіндігі де аса маңызды. Топты тиімді ететін дәл осы қасиет. Және қызметкерлерде дәл осы қасиеттерді дамытуды ынталандыру үшін біз аталған байқауды ұйымдастырдық. Бұл байқау енді жыл сайын өткізілетін болады» - деп қорытындылады Яна Ким.

WOW!HR Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Байқаудың негізгі міндеті – коммуникациялар, HR, бизнес-процестерді ұйымдастыру және корпоративтік мәдениет саласындағы компаниялардың ең қызықты және үздік шешімдерін анықтау болып табылады. Номинациялар бойынша сыйлыққа Air Astana, «Қазақтелеком», «Бәйтерек» холдингі сияқты компаниялар ұсынылған.