01 Янв 1970 «Жылы Жүрек» қозғалысының еріктілері «Ковчег» балалар үйіне барып қайтты - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

«Жылы Жүрек» қозғалысының еріктілері «Ковчег» балалар үйіне барып қайтты

11 май 2018 год

Слеттің бірінші күні Beeline Kazakhstan қатысушылар үшін еріктілік жобаларын кәсіби дамыту бойынша мастер-класс ұйымдастырды. Спикер ретінде Светлана Пугач – украиналық Таблеточки қайырымдылық қорының атқарушы директоры сөз сөйледі. Светлана жобаның мұратын қала дұрыс қалыптастыру, еріктілерді тарту, сондай-ақ оларды қалай ынталандыру және ұстап қалу керек екенін әңгімеледі.

Ертеңіне біз Талғарда орналасқан «Ковчег» балалар үйіне бардық. "Жылы Жүрек" еріктілері "Ковчег" балалар үйіне жыл сайын келіп тұрады және балалармен жақсы таныс. Біз бірден іс-әрекетке: билерге, батуттарға, футбол мен сурет салуға кірістік. Күннің соңына қарай балаларды торт және Beeline ұсынған интерактивті бөлмеге баруға арналған сертификат күтіп тұрды.

Жігер алдық және жаңа жобаларға дайынбыз!

Корпоративтік еріктілер бағдарламасы Beeline Қазақстанда 2008 жылдан бері іске қосылған және табысты жұмыс істеуде. Еріктілердің ұяшықтары компанияның барлық филиалдарында жұмыс жасайды. 1000 қызметкерге жуық өздерінің уақытын, тәжірибесі мен білімін инвестиция қылып, еріктілердің қайырымдылық жобаларына белсене қатысады. «Жылы Жүрек» қозғалысының шеңберінде көптеген науқандар тұрақтыға айналды. Еріктілер Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша Жеңіс Күні, Балаларды қорғау күні, Білімдер күніне орай қайырымдылық жобаларға тартылды, сондай-ақ ағаш отырғызуға, сенбіліктерге, түрлі әлеуметтік объектілер мен тұрмысы осал отбасылардың пайдасына заттар жинауға қатысады.