01 Янв 1970 «Южно-Кыргызский цемент» ЖАҚ: Өндірісті дамыту - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

«Южно-Кыргызский цемент» ЖАҚ: Өндірісті дамыту

14 авг 2018 год

Бүгінгі таңда «ЮКЦ» жылына 1 миллион тонна цемент қуаттылығымен «құрғақ» тәсілмен цемент өндіру бойынша заманауи кәсіпорын болып табылады. Цемент өндірудің «құрғақ» тәсілінің негізгі артықшылығы – отын мен электр энергиясы шығысының төмендеуі. Сондай-ақ «құрғақ» тәсіл жағдайында пеш газдарының көлемі 35-40%-ға азаяды, бұл кәдеге жарату шығыстарын төмендетеді және, тиісінше, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді. Өндірістің «құрғақ» тәсілінің маңызды артықшылығы – төмен энергетикалық шығындар жағдайында анағұрлым жоғары өнімділік: еңбек өнімділігі және қуат тиімділігі цемент өндірудің «суланған» тәсілін қолданатын зауытпен салыстырғанда, 2 есе жоғары.

«ЮКЦ» зауыты Қырғызстанда құрылыс материалдарының өндірісі бойынша ең экологиялық таза зауыт болып табылады, онда зиянды өндірістік шығарындыларды нормативтік көрсеткіштерден 2 есе төменге қысқартуға мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдер іске асырылған.

Компания әлеуметтік жобалардың тұтас бір қатарына: әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қатысады. Жергілікті Қызылқия қоғамдастығының алдындағы өзінің әлеуметтік жауапкершілігін түсіне отырып, "ЮКЦ" ЖАҚ ауылдық округтегі балалар бақшасының құрылысы мен аурухананы жөндеуге қолдау көрсетті.