01 Янв 1970 Ағымдағы жыл - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

Жаңалықтар

verny.news_select_category
Beeline Kyrgyzstan компаниясында бас директор өзгерді. 13.04.2019

10 сәуірден бастап компанияның қаржы директоры Акмаль Малаев компания басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қырғызстанда және Қазақстанда телекоммуникация мен құрылыс секторларында әр түрлі қаржылық лауазымдарды иеленді

Burabike Fest 2019 18.03.2019

Осы жылдың басты спорттық-музыкалық іс-шарасы – Burabike Fest 2019 фестиваліне ерте тіркелу мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз! Ол 24-25 тамыз күні, әдеттегідей, көркем Щучинск-Бурабай курорттық аймағында өтеді, ал шараның эпицентрі дәстүрлі түрде Rixos Borovoe қонақ үйі болады! Early bird бағасы – 7000 теңге.

Әлемдегі ең жақсы 20 қонақүй лоббиі 06.03.2019

The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйінің лоббиі әлемдегі үздіктердің бірі ретінде танылды. Мейманханаға кіреберісте тұтас мәрмәрдан құйылған лоббидеН асқақтаған салтанатты сатыға көрініс ашылады. Үлкен люстра бөлменің қақ төрінде орналасқан алауошақ үстінен қалқып, жан-жақтан төбеден еденге дейін өнер туындылары ілінген.

Creative Juma 2019 05.03.2019

Біз Rixos Borovoe қонақ үйінде «Верный Капитал» тобының маркетологтары мен коммуникаторларының алғаш кездесуін өткіздік. Біз команданың жаңа мүшелерімен таныстық, компанияның 2019 жылға арналған жоспарларын талқылап, Burabike Fest қайырымдылық фестивалінің фирмалық дүкенінде болдық.

Haileybury Astana мектебінде спорт кешенінің ресми ашылуы өтті 19.02.2019

Дүйсенбі, 18 ақпанда Haileybury Astana мектебінде жаңа спорт кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге қамқоршылық кеңесінің, мектеп әкімшілігінің өкілдері және басқа да құрметті қонақтар қатысты. Спорт кешенінің ашылуы аясында, Astana QSI Wolves және Haileybury U19s командалары арасында баскетболдан жарыс өтті.

"Верный Капитал" Vласть порталымен бірлесе Expert Update жарияланымын шығарды. 17.01.2019

Бұл кітапта 2017 жылдан бері Expert Update форматында өтетін сарапшы кездесулердің нәтижелері жинақталған.

Осы пікірталас алаңы оңтайлы шешімдер табу және бизнес үшін аса маңызды мәселелерді түсіну амалында Қазақстанның қоғамдық әрі іскери тіршілігінің өзекті тақырыптары бойынша әр түрлі пікірлер ұсынылған.

«Beeline Қазақстан» бірінші басшысы тағайындалды 17.01.2019

Евгений Настрадин «Beeline Казахстан» компаниясының бас атқарушы директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Forbes.kz-ке телекоммуникациялық саладағы дереккөз хабарлады. Евгенийдің тағайындалуы туралы ресми түрде бейсенбіде, 17 қаңтарда жарияланады.