01 Янв 1970 Верный Капитал Rg Gold алтын кен компаниясына инвесторды тарту туралы жариялайды - Verny Capital - лидер в отрасли частных инвестиций Казахстана

НОВОСТИ

Верный Капитал Rg Gold алтын кен компаниясына инвесторды тарту туралы жариялайды

15 янв 2019 год

«Верный Капитал» компаниялар тобы RG Gold алтын өндіруші компаниясы және RG Processing жобалық компаниясы тиесілі компаниядағы үлестің 35%-ын сату бойынша мәміленің аяқталуы туралы хабарлайды. Жобадағы жаңа инвестор тау-кен секторындағы жаһандық көшбасшы – тау-кен ісіндегі үздік мамандар мен сарапшылардың басқаруындағы Resource Capital Fund (RCF) қорларының тобына кіретін Resource Capital Fund VII жеке тікелей инвестициялар қоры болды.

Ең ірі америкалық қорлардың біреуімен әріптестік және оның қазақстандық жобаға инвестициялау туралы шешімі активтерді стратегиялық басқаруға «Верный капитал» компаниясының дәстүрлі тәсіліне сәйкес RG Gold жоғарғы әлеуеті және қарқынды дамуы туралы куәландырады. Жобаға кіруден бастап 2013 жылдан бері 140 км-ден астам бұрғылауды аяқтап, геологиялық барлауға 4,4 млрд. теңгеден астам (15,7 млн АҚШ доллары) инвестицияланды, бұл МҚК стандарттары бойынша қорларды 3 есеге ұлғайтуға мүмкіндік берді (2014 жылы 34 тоннадан 2018 жылы 107,8 тоннаға дейін). JORC стандарттары бойынша қорлар 100 тоннаны құрады, ал ресурстар 185 тоннаға бағаланды. Сонымен бірге, Компания ағымдағы өндірістік қуаттар құрылысына және инфрақұрылымды дамытуға 11 млрд. теңгеден астам (44 млн АҚШ доллары) инвестициялады. Шамамен 700 жұмыс орыны бөлінді, жалпы құны 280 млн теңгеден астам (830 мың АҚШ доллары) әлеуметтік жобалар іске асырылды.

Дүниежүзілік деңгейдегі инвестициялық қор қатысатын дамудың келесі сатысында тау-кен секторында 2022 жылға дейін сіңіріп сілтісіздендіру (Carbon-in-leach, CIL) әдісімен бастапқы кен қорларын өңдеу үшін жылына 5 млн тонна кен қуаты бар алтын өндіретін фабриканы (АӨФ) салу және іске қосу жоспарлануда. Жобаны бірлесе іске асыру кезінде RCF қатысуы өндірістің тиімділігін арттыру және қоршаған ортаны қорғау бойынша дүниежүзілік стандарттарды енгізу мақсатымен тау-кен секторында озық технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Осындай деңгейдегі шетелдік инвесторды тарту өңірдің дамуы үшін маңызды сәт болып табылады және жалпы Қазақстан экономикасының өсіміне елеулі үлес қосады.