Жаңалықтар

Басты бет — Жаңалықтар

Narxoz Business School әлемдегі бизнес-мектептердің үздік 2%-ына енді

Narxoz Business School бизнес-білім беру саласындағы екі жетекші халықаралық ұйым – Association of MBAs (AMBA) және Business Graduates Association (BGA) бірлескен аккредиттеуінен ресми түрде өтті. Аккредиттеу түрлі елдердің бизнес-мектептері басшыларынан құралған комиссия жүргізген кешенді бағалау қорытындысы бойынша берілді.

Комиссия сондай-ақ NBS Халықаралық консультативтік кеңесінің қосқан үлесі мен бизнес-мектептің жаңартылған кампусы инфрақұрылымының сапасын ерекше атап өтті.

AMBA білім беру бағдарламаларының сапасы, соның ішінде олардың мазмұны, оқыту деңгейі, оқу нәтижелері, мансаптық қолдау және жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды бағалайды. Ал BGA бизнес-мектептің стратегиясы, басқару жүйесі, академиялық мәдениетін, сондай-ақ ел экономикасы мен қоғамға ықпалын қамтитын кешенді институционалдық бағалау жүргізеді.

Narxoz Business School 17 жыл ішінде MBA, Executive MBA, DBA және корпоративтік оқыту бағдарламалары бойынша 3 мыңнан астам кәсіпкер, топ-менеджер мен салалық мамандарды даярлады. NBS айналасында қалыптасқан түлектер мен іскер серіктестер қауымдастығы оқу бағдарламаларын жаңартуға қатысып, салалық тәжірибесімен бөліседі және мектепке бизнестің өзекті қажеттіліктерін ескеруге атсалысады.

Аккредиттеудің арқасында Narxoz Business School әлемдік бизнес-білім беру қауымдастығының үздік 2%-ына кіретін бизнес-мектептер бағдарламаларын біріктіретін AMBA халықаралық желісіне енді. Оның құрамына, атап айтқанда, INSEAD, IMD, ESMT Berlin, London Business School және HEC Paris іспеттес мықты мектептер кіреді.

Аккредиттелген бағдарламалардың студенттері мен түлектері 150-ден астам елден 80 мыңға жуық тыңдаушы мен түлекті біріктіретін AMBA жаһандық қауымдастығына тегін қосыла алады. Өмір бойғы мүшелік кәсіби іс-шаралар, мансаптық қызметтер, зерттеулер мен халықаралық кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар: