Стратегия

Біз компаниялардың тиімділігін арттыруда және өсу әлеуетін ашуда басты рөл атқарамыз. Біз компанияларға сындарлы көшбасшылық стратегия және озық тәжірибелерді қолдану арқылы жылдам әрі тиімді дамуға көмектесеміз

Инвестициялық стратегия

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯСЫ
Инвестиция құю кезінде Қазақстан және ТМД елдеріне басымдық беріледі. Алайда «Верный Капитал» тобы одан тысқары жатқан аймақтардағы тартымды инвестициялық жобаларды қарастыруға әзір.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР КӨЛЕМІ
«Верный Капиталдың» жекелеген жобаларға салатын нысаналы инвестициясының көлемі 50 млн. АҚШ долларынан басталады.
САЛАЛАР
«Верный Капитал» тау-кен металлургия, мұнай-газ және телекоммуникация салаларында, сонымен қатар қаржы қызметі мен жылжымайтын мүлік салаларында айтарлықтай сараптамалық қызметі мен жұмыс тәжірибесіне ие. Осы ретте Топ экономиканың басқа салаларына да инвестициялар салу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
ӨСУ ӘЛЕУЕТІ
Инвестициялық жобаларда Топқа бес жыл ішінде олардың құнын кемінде екі есеге ұлғайтуға мүмкіндік бере алатындай өсу әлеуеті болуы тиіс.
КӘСІПҚОЙ МАМАНДАР ТОБЫ
Компания құрамында айтарлықтай тәжірибеге ие және алдыңғы уақыттарда жетістіктерге жете білген мықты басқару тобының болуы инвестициялық шешім қабылдаудағы маңызды факторлардың бірі болып табылады. Осы ретте компания құнын көтеру мақсатында өз тәжірибесі мен корпоративтік басқарудың үздік тәсілдерін енгізе отырып, жобаны басқаруға белсенді түрде қатысуға дайын.
САЛАДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ
«Верный Капитал» өз саласында көшбасшы орынға шығуға мүмкіндігі бар және нақты бәсекеге қабілетті артықшылықтарға ие компанияларға инвестиция құюды көздейді.

Критерийлерге сай келесіз бе?

Өз байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз Сізбен хабарласамыз

Өтінім формасы

Ләззат Боранқұлова

Атқарушы директор

Компанияның инвестициялар портфелін және инвестициялық стратегияны басқару мәселелеріне,телекоммуникация және қаржы секторы саласындағы активтеріне жетекшілік етеді.Бұрын «Самұрық-Қазына» қорының стратегиялық даму және инвестициялық стратегияны жузеге асыру бағыттарын басқарып, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Бақылау кеңесінің құрамында болды. Бизнес-жоспарлау, басқару және активтерді қайта құрылымдау саласында жұмыс тәжірибесі бар.
КИМЭП университетін МВА дәрежесімен, Manchester Business School қаржы бойынша ғылым магистрі дәрежесімен бітіріп, Harvard Business School Executive AMP бағдарламасын аяқтады.