Тәуекел және карантин аймақтарында жұмыс істейтін 16 000-нан астам қазақстандық дәрігер Beeline Қазақстаннан тегін мобильді байланыс алады.
Beeline ҚР кез келген нөмірлеріне қоңырау шалу үшін 1000 минут және 100 гигабайт интернет-трафик береді.
Beeline Қазақстан бастаманы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп іске асыруда.
Арнайы шарттар 30.06.20 дейін қолданылады.