Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

2023 жылдың қорытындысы бойынша ForteBank-тің несие портфелі 17,4% өсті

Барлық бағыт бойынша өсу

ForteBank 2023 жылғы жұмыстың қорытындысын шығарды. ҚЕХС бойынша шоғырландырылған есептілікке сүйенсек, банк тиімді бизнес-модельдің және кредиттеудің байыпты тәсілінің арқасында өзінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартып отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ForteBank активтері 16,6%-ке немесе 464 млрд теңгеге өсіп, 3,3 трлн теңгені құрады. 

Бизнес пен халық үшін қолжетімді кредиттер

Банктің несиелік портфелі 1,4 трлн теңгені құрап отыр, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 17,4%-ке немесе 204 млрд теңгеге көп. Осы көрсеткіш бойынша банк ірі деген кредитор-банктердің қатарында алтыншы орыннан бесіншіге көтерілді. Бұл өсу барлық сегментке кредит беруді арттырумен түсіндірілуде. ForteBank бизнес-кредиттерінің несиелік портфелі 17% өсті: шағын және орта бизнеске берілген қарыздар 21%-ке немесе 72,7 млрд теңгеге, яғни 417 млрд теңгеге дейін өссе, корпоративтік клиенттерге берілген кредиттер 13,3%-ке немесе 51 млрд теңгеге, яғни 433,3 млрд теңгеге дейін, бөлшек кредиттерге берілген қарыз – 19%-ке немесе 82 млрд теңгеге, яғни 510 млрд теңгеге дейін өсті.

«2023 жылы банк сапалы өсуді көрсетті. Біз қазақстандық бизнеске кредит берудің көлемін белсенді арттыру ісін жалғастырдық. Бұл ретте біздің кредиттік портфельдегі бизнес-кредиттің үлесі, ШОБ-ті ескергенде, 62% құрайды. Бұл Forte-нің қазақстандық кәсіпкерлерді қаржыландыруға арналған негізгі коммерциялық институттардың бірі екенін көрсетеді. Бизнес үшін бәсекеге қабілетті және тартымды болып қала беру үшін банктерге стандартты емес тәсілдерді қолдануға тура келеді, сондықтан біз де ШОБ үшін қаржылық операциялардың денін цифрландырдық, теңгелік төлемдер бойынша комиссияларды нөлге теңестірдік, осының арқасында клиенттердің саны ширек көрсеткішке өсіп отыр. Корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізу барысында біз икемді талаптар мен жоғары сапалы қызметтер ұсына алатын қаржылық серіктес болып қала бермекпіз», – дейді ForteBank басқармасының төрағасы Бекжан Пірматов. Былтырғы кредиттік портфельдің айтарлықтай өсуінің арқасында проценттік кірістің ұлғаюы есебінен банктің таза кірісі 2022 жылмен салыстырғанда 18,7% өсті және 116 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, таза пайыздық кіріс 50,3%-ке немесе 65 млрд теңгеге өсіп, 2022 жылы валюта нарығындағы құбылмалылықтан туындаған шетел валютасымен операциялар бойынша тұрақсыз біржолғы таза кірісті алмастырды.

Басқа жаңалықтар: