Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

Қазақстандағы жоғары білімнің бәсекеге қабілеті

Ерлан Оспановтың негізгі тезистері:

Студенттердің кері ағыны еліміздің жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілетсіздігінің себебінен орын алып отырғаны анық. Біздің университеттер АҚШ және Еуропаның жоғары оқу орындары секілді өнімді ұсына алмайды. Себебі мемлекет олардың қол-аяғын шырмап отыр.

Қазір Мәжіліс арқылы өтіп жатқан академиялық бостандық туралы заң жобасы да жоғары оқу орындарына толық дәрежеде еркіндік бермейді. Мысалы, мемлекеттік үлгідегі диплом – шын мәнінде мемлекеттің білім сапасы үшін кепілдігі. Бұл жоғары оқу орны оқудың сапасын арттыру үшін елеулі күш салуы міндетті емес, диплом бар – сол да жеткілікті дегенді білдіреді. Мемлекеттік үлгідегі дипломдарды алып тастау жоғары оқу орындарының арасында бәсекелестікті дамытуға елеулі түрткі болмақ, сонда кімнің дипломы не тұратыны түсінікті болады.

Егер АҚШ секілді елдердің тәжірибесіне жүгінсек, онда грант алуға іріктеу арнайы пәндер бойынша олимпиадалардан басталады, ал гранттарды оқу орындарының өздері береді. ҰБТ бағаларының негізіндені қазақстандық гранттарды үлестіру жүйесі әділ болып табылады ма? Мен, ҰБТ қазіргі түрінде жұмыс істегенінше, біз түлектерді құзыреттіліктері бойынша емес, тек білімдері бойынша бағалайтың болғанша, әділ болып табылмайды деп санаймын.

Дөңгелек үстелдің толық нұсқасы:

Басқа жаңалықтар: