Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

Беделді «Рассел тобының» университеті Нархоз базасында филиал ашуға ниетті

Бұған дейін Queen’s University Belfast Нархоз Университетімен қосарлы диплом туралы келісімге қол қойған болатын.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстанға мемлекеттік сапары шеңберінде Астанада Нархоз Университеті мен Белфасттағы Королева Университеті арасында Нархоз базасында Queen’s University Belfast институционалдық қатысуын іске асыру (филиал ашу) ниеті туралы келісімге қол қойылды.

Осы жылдың қаңтар айында Ұлыбританияның 24 зерттеу университетінен тұратын беделді «Рассел тобының» (Russell Group) Лондондағы Queen’s University Belfast оқу орны Bett 2024 халықаралық білім көрмесінің алаңында Нархоз Университетімен қосарлы диплом туралы келісімге қол қойды. Сол сәтте серіктестік қарым-қатынастың негізі қаланды. Жаңа келісімнің арқасында екі жоғары оқу орны ынтымақтастығының институционалдық шеңбері кеңейеді. 

Қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Queen’s University Belfast өнер, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің проректоры профессор Нола Хьюит-Дундас, Нархоз Университетінен – президент Мирас Дәуленов, президенттің кеңесшісі Қанат Қожахмет және Экономика және менеджмент мектебінің директоры Дильбар Гимранова қатысты.

Басқа жаңалықтар: