BI City – айтулы жаңа жылжымайтын мүлік жобасы, оны бірлесіп дамыту туралы келісімге екі ең ірі отандық компания – BI Group және «Верный Капитал» өткен жылдың желтоқсан айында қол қойды. 2014 жылдың сәуір айында, Астана қаласын әрі қарай дамыту жөніндегі мәжілістің барысында, жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа табысты презентацияланды.
BI City елорданың Сол жақ жағалауында «Хан Шатыр» ССО тура қасында жоспарланған, бұл перспективада Астананың бұл ауданының дамуына қуатты серпін бермек. Жоба әкімшілік-іскерлік және мәдени орталықтардың, сондай-ақ жетілген инфрақұрылымы бар тұрғын аудандардың құрылысын салуды көздейді. Мұнда, 120 гектардан астам аумақта, ауданы 1,5 миллион шаршы метрден астам объектілер: құрылыстың 8 жылға көзделген мерзімі кезінде жылына 200 мың шаршы метрден тұрғызу жоспарлануда. Жобаның сомасы 2,5 миллиард долларды құрайды.
BI City ауқымды аумағында орталық орындардың бірін «Жасыл квартал» – парктер, бөгендер және онда субтропикалық микроклимат жасалатын және экзотикалық дендропарк отырғызылатын ерек био-күмбез бар ғимараттар мен үймереттердің инновациялық құрылысының бірегей жобасы алатын болады. Өткен жылы кварталдың құрылысын салуға халықаралық конкурста AEDAS (Ұлыбритания) және AECOM (Австралия) компанияларымен бірлестікте осы эко-жобаны ұсынған Холдинг BI Group жеңіске жетті.
«Жасыл квартал» – қуат үнемдеудің ең соңғы технологияларының және экологиялық жауапкершіліктің бүгінгі тәсілдемесінің бейнесі, мұнда объектілердің көпшілігі желдің, күннің және басқа көздердің күшін пайдаланатын «жасыл» энергиямен қамсыздандырылатын болады.
Өз кезегінде, BI City негізгі құрылысы жетілген инфрақұрылымы бар зәулім тұрғын үй кешендерін тұрғызудың заманауи сәулеттік және технологиялық новацияларының негізінде болмақ. Құрылыстың басты міндеті баспана мәселесін шешу болып табылады, бұл елордаға жыл сайын 50 мыңнан астам адам келіп жатқан бүгінгі күннің нақтылықтарында әсіресе өзекті.
BI City құрылысын бастау 2014 жылдың тамыз айында жоспарланған. «Верный Капитал» тобы жобаның инвестициялық серіктесі болып табылады, операциялық басқаруды BI Group Холдинг жүзеге асырады.
Анықтама ретінде::
BI Group Холдинг – Қазақстанның құрылыс саласында көшбасшы орын алатын көп бейінді компания. Бұл тек тұрғын, коммерциялық жылжымайтын мүлікті тұрғызу және дамыту, объектілерді басқару және іске пайдалану ғана емес, сонымен қатар аймақтық және ұлтаралық маңызы бар автомобиль жолдары мен темір жолдардың, өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық объектілердің құрылысын салу. 2013 жылы компанияның айналымы 1,2 миллиард долларды құрады.
БАҚ үшін байланыс деректері:
«Верный Капитал» компаниялар тобы:
Михаил Дорофеев, баспасөз хатшысы,;
тел. +7 7172 73 50 50, ішкі н. 1141, ұялы т. +7 771 760 00 25
e-mail: mikhail.dorofeyev@vernycapital.com
Холдинг BI Group:
Жарнама және PR бөлімі
тел. +7 7172 57 93 75
e-mail: info@bi-group.kz