«Менің активтеріме шектеу қою туралы ағылшын соты шешімінің күшін жоюына және БТА банкінің талап-арызын қайтарып алуымен қанағаттанамын. Заңгерлер тобы қысқа мерзімде менің іске қатысты еместігімнің негізгі дәлелдерін жинау бойынша жұмыс жүргізді.
Компанияларымыздың жұмысы ашықтық қағидаттарына, заңды құрметтеуге және корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне негізделгенін атап көрсеткім келеді.
Мен үшін абырой мен адалдық әрқашан бірінші орында. Осы күрделі кезеңде мені қолдаған барлық адамдарға – менің отбасыма, достарыма, серіктестеріме, Топ компанияларының ұжымдарына және тілестестік білдірген адамдарға алғысымды білдіргім келеді».