«Экономика – қаһарлы ғылым» – «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов Baigenews-тің «20:20» жобасына қатысты
Бағдарламада экономикадағы пандемия дағдарысы, қайырымдылық, экология және қалалардың дамуы туралы сөз болды.
Кәсіпкерлерді қолдау бойынша дағдарысқа қарсы шаралардың тиімділігі туралы айта келе, Ерлан Оспанов бизнестің өзін емес, тұтынушыларды қолдау орынды екенін атап өтті.
«Сұранысты ынталандыру қажет. Білесіз бе, біз бизнеске жеңілдіктер берген кезде, «кімге береміз және кімге бермейміз» деген өлшемшарттар пайда болады. Бұл өлшемшарттар әділ деп кім айтты? ( … ) Біз сұранысқа қолдау көрсеткен кезде, экономикалық қызметтің барлық қатысушылары бірдей жағдайда болады және сәйкесінше, олар өз тұтынушылары үшін бәсекелесуді жалғастырады. Сол кезде ең мықтылар қалады. Экономика мен нарықты тек «аса мәртебелі» бәсекелестік қана реттей алады», − деп түсіндірді Оспанов.
Жүргізушілермен әңгіме барысында ол Қырғызстандағы оқиғаларға, еліміздегі экологиялық мәдениетке, адамның еңбекке деген бүгінгі қарым-қатынасына қатысты пікірімен бөлісті.
Толығырақ – Baigenews.kz «20:20» жобасының эфирінде